Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды медициналық қарап-тексеруден, механикалық көлік құралдары жүргізушісін қайта медициналық қарап-тексеруден өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-172/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 қазанда № 21557 болып тіркелді.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жығы 7 шілдедегі Кодексі 7-бабының 73) тармақшасына, "Жол жүрісі туралы" 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 2) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы |
А. Ғиният |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму,
инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
|
|
Қазақстан Республикасы |
Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды медициналық қарап-тексеруден, механикалық көлік құралдары жүргізушісін қайта медициналық қарап-тексеруден өткізу қағидаларын бекіту туралы
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткерді медициналық қарап -тексеруден өткізу тәртібі
1-параграф. Медициналық қарап-тексеруден өткізу тәртібі
Комиссия төрағасы болып медициналық ұйым басшысының емдеу ісі жөніндегі орынбасары тағайындалады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.05.2021 № ҚР ДСМ -38 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Көзілдірікпен басқаруға жарамды деп танылған адамдарға анықтамада "Қорытынды" деген сөзден кейін "Көзілдірік міндетті" деген белгі жасалады.
2-параграф. Қайта медициналық қарап-тексеруден өткізу тәртібі
1) жолаушыларды және қауіпті жүктерді тасымалдауды орындайтын механикалық көлік құралдарының жүргізушілері;
2) алпыс бес жасқа толған механикалық көлік құралдарының жүргізушілері;
3) мүгедек-жүргізішілер;
4) механикалық көлік құралдарын мас күйінде басқарғаны үшін немесе механикалық көлік құралын басқаруды осындай күйдегі адамға бергені үшін немесе жүргізушінің мас күйінде болуын анықтау үшін медициналық куәландырудан өтуден жалтарғаны үшін жүргізу құқығынан айырылған адамдар жатады.
3-тарау. Көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы анықтама беру тәртібі
Өтінімді электрондық түрде берген кезде жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "Электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық форматта алу үшін көрсетілетін қызметті алушы порталда электрондық – цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға сұрау салуды қалыптастырады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының "Жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды берген кезде "Жеке кабинетке" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру күнінің белгіленуі туралы хабарлама не электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар, дәйексіз мәліметтер ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту түрінде бас тартады.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.05.2021 № ҚР ДСМ -38 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауы және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуы;
3) Қағидаларға сәйкес медициналық қарап-тексерудің теріс нәтижесі.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның қолы қойылған, бас тарту негізі көрсетілген хатпен ресімделеді.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.05.2021 № ҚР ДСМ -38 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
_________________________
|
|
Қағидаларға |
"Көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.05.2021 № ҚР ДСМ -38 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
|
"Көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет |
||||
|
1 |
Қызмет берушінің атауы |
Медициналық ұйымдар |
||
|
2 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері |
1) көрсетілетін қызметті беруші; |
||
|
3 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мерзімі |
1) көрсетілетін қызметті беруші; |
||
|
4 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны |
Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде |
||
|
5 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі |
"Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 073/е нысаны бойынша берілген көлікті басқаруға рұқсат беру туралы медициналық анықтама не осы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
||
|
6 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Ақылы түрде, мемлекеттік қызмет көрсету құны "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 202-бабына сәйкес айқындалады. |
||
|
7 |
Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес дүйсенбі-жұма аралығында түскі үзіліссіз сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін, сенбі күні сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін, демалыс-жексенбі және мереке күндері; |
||
|
8 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Көрсетілетін қызмет берушіге: |
||
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
||
|
10 |
Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. |
||
|
|
бұйрыққа |
|
||
Денсаулық сақтау саласындағы кейбір күші жойылған нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
1) "Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды медициналық қарап тексеруден, механикалық көлік құралдары жүргізушісін қайта медициналық қарап тексеруден өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 20 наурыздағы № 166 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8437 болып тіркелген, 2013 жылғы 20 желтоқсанда №190 (2565) "Заң газетінде" жарияланған);
2) "Көлік құралдарын басқару құқықтарын алуға үміткер адамдарға медициналық тексеріп-қараулар жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 20 наурыздағы № 166 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 26 маусымдағы № 350 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9619 болып тіркелген, 2014 жылғы 6 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
3) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 19 шілдедегі № ҚР ДСМ-106 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізімінде № 19072 болып тіркелген, нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 22 шілдеде жарияланған) 1-тармағының 1) тармақшасы.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК