Тендер өткізу тәсілімен 2021 жылға ТМККК шеңберінде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты арнайы дәрілік өнімдермен және тегін дәрілік заттармен амбулаториялық қамтамасыз етуге фармацевтикалық қызметті қайта сатып алуды жүргізу туралы хабарландыру
«Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ, Қарағанды қ., Әлиханов к-сі, 2а, келесі препараттарды тендер тәсілімен сатып алуды жүргізу туралы хабарлайды:
- Сатып алынатын қызметтердің толық тізімі, көлемі мен толық өзгешеліктері конкурстық құжаттама пакетінде көрсетілген.
- Тауар жеткізушінің бөлшек желісіне жеткізілуі тиіс. Дәрі – дәрмекті босату дәрігерлердің рецепті бойынша жеткізушінің бөлшек желісі арқылы жүзеге асады.
- Жеткізу мерзімі: 2021 жылдың айсайын келесі айдың 5-ші күніне дейін жеткізу кестесіне сәйкес аяқтау.
- Тендерге ҚР Үкіметінің 10.2009 жылғы № 1729 Қаулысымен бекітілген, Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу Қағидаларының 14 т. көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес келетін барлық әлеуетті жеткізушілер қатыса алады;
- Тендерлік құжаттама топтамасын мына мекенжай бойынша: «Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ, 100000, Қарағанды қ., Әлиханов к-сі, 2, №5 бөлмеде сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін немесе //zdravkrg.kz/ веб-сайтында және gz-uzko@yandex.kz электрондық мекенжайы бойынша 2021 ж. 25 мамырға қоса алғанда сағат 15.00-ге дейін мерзімде алуға болады.
Тендерлік өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімі 2021 жылғы 26 мамырға сағат 13.00-ге дейін.
- Тендерлік өтінімдермен конверттер 2021 жылғы 26 мамырға сағат 15.00-де келесі мекенжай бойынша ашылады: Денсаулық сақтау басқармасы, 100000, Қарағанды қ., Әлиханов к-сі, 2а, акт залы.
Әлеуетті жеткізушілер тендерлік өтінімдермен конверттерді ашу кезінде қатыса алады.
Қосымша ақпаратты және анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: 8 (7212) 55-97-83.