Меню

Страницы

Статья

Құрметті үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері!

     

         Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес барлық үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) жыл сайын өз қызметі туралы мәліметтерді Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына (ҮЕҰ дерекқоры) белгіленген мерзімде ұсынуға міндетті екенін еске саламыз.

 

        ҮЕҰ қызметі туралы мәліметтерді уақытылы және толық ұсыну ұйымның ме млекеттік қолдау шараларына қатысуы үшін маңызды талаптардың бірі болып табылады.

Есептілікті ұсыну мерзімі: 10 қаңтардан 31 наурызға дейін.

Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына мәліметтерді белгіленген мерзімде ұсыну төмендегі бағыттарға қатысу кезінде маңызды:

  • мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыруға қатысу;
  • мемлекеттік гранттар мен сыйлықақыларды алуға қатысу;
  • үкіметтік емес ұйымдарға арналған конкурстарға қатысу;
  • мемлекеттік органдармен және ұйымдармен заңнамада көзделген өзге де нысандардағы ынтымақтастықты жүзеге асыру.

 

         Осыған байланысты ұйым басшыларынан және жауапты қызметкерлерден ҮЕҰ қызметіне қатысты қажетті ақпаратты алдын ала дайындап, белгіленген мерзімде ақпараттық жүйеге енгізуді және ұсынуды сұраймыз.

         Мәліметтерді электрондық түрде «ҮЕҰ дерекқоры» ақпараттық ресурсы арқылы ұсынуға болады: https://www.esep.govtec.kz/npo  

         Есептілікті соңғы күндерге қалдырмай, алдын ала ұсынуды сұраймыз. Ақпаратты енгізу барысында мәліметтердің толықтығына, дұрыстығына және өзектілігіне назар аудару қажет.

Сондай-ақ ақпаратты жүйеге енгізгеннен кейін оның сәтті қабылданғанын тексеруді ұсынамыз.

        Мәліметтерді ұсынудың соңғы мерзімі — 31 наурыз.

        Осыған байланысты барлық үкіметтік емес ұйымдарды өз қызметі туралы қажетті ақпаратты белгіленген мерзімде ұсынып, заңнама талаптарын уақтылы орындауға шақырамыз.

Аталған ақпаратты ұйымның жауапты қызметкерлеріне жеткізуді және есептілікті уақытылы тапсыруды қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз.

         Назар аударып, жауапкершілікпен қарағандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!

 

 

Дата публикации
25 сентября 2026
Дата обновления
25 сентября 2026
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Бағыттар
13 октября 2026
Ұсыну қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Тіркеу қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы