Меню

Страницы

Статья

Жаңа хабарландыру сервисі: азаматтар мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі туралы алдын ала біле алады

Жаңа хабарландыру сервисі: азаматтар мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі туралы алдын ала біле алады

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі ағымдағы жағдай мен жоспарлы профилактикалық жұмыстар жөнінде жедел ақпарат беретін жаңа сервисті іске қосты.

Енді азаматтарға жекелеген қызметтердің уақытша қолжетімсіз болу себептерін білу үшін ХҚКО қызметкерлеріне жүгінудің қажеті жоқ. Қажетті мәліметтің барлығы «ЦОН» мобильді қосымшасында, мемлекеттік корпорацияның ресми сайтында және халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы электронды таблоларда көрсетіледі.

Сервис ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік деректер базаларының техникалық жай-күйін автоматты түрде көрсетіп отырады. Осылайша азаматтар мемлекеттік қызметтердің мәртебесі туралы сенімді әрі өзекті мәліметті уақытылы алып, ХҚКО немесе МХҚКО-ға бару уақытын алдын ала жоспарлай алады.

«ХҚКО-ның интеграцияланған ақпараттық жүйесі – азаматтардың өтініштерін қабылдап, мемлекеттік органдардың деректер базаларымен ақпарат алмасуды жүзеге асыратын негізгі арна. Жаңа сервис осы базалар арқылы көрсетілетін қызметтердің уақытша қолжетімсіздігін алдын ала біліп, ХҚКО-ға баруды соған қарай жоспарлауға мүмкіндік береді. Бұл – цифрлық ашықтықты арттыруға, айқындықты күшейтуге және мемлекет пен азамат арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған тағы бір қадам», - деді Арман Кенжеғалиев, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Басқарма Төрағасы.

Жаңа сервис Қазақстан азаматтарына мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған ашық, сенімді әрі қолайлы цифрлық шешімдерді дамытудың келесі кезеңі болды.

Айта кетейік, сервис «ЦОН» мобильді қосымшасында (App Store/Google Play) ЖСН мен телефон нөмірі арқылы авторизациядан кейін қолжетімді.

Дата публикации
25 ноября 2025
Дата обновления
25 ноября 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Бағыттар
13 октября 2026
Ұсыну қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Тіркеу қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы