Меню

Страницы

Статья

Бұқар жырау аудандық мәслихатының 20 сессиясының Шешемі

Бұқар жырау аудандық мәслихатының 20 сессиясының
Шешемі
№ 6   25.12.2013 жылғы
Бұқар жырау аудандық мәслихатының 8 сессиясының 2012 жылғы 20 қыркүйектегі №5 «Бұқар жырау ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы ережесін бекіту туралы»  шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңдарына,  Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы» 2009 жылғы 14 сәуірдегі №512, «Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2314, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» 2011 жылғы 7 сәуірдегі №394 қаулыларына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 8 сессиясының 2012 жылғы 20 қыркүйектегі №5 «Бұқар жырау ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы ережесін бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №1951 болып тіркелген, 2012 жылғы 3 қарашадағы №44 «Сарыарқа» аудандық газетінде жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Бұқар жырау ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы ережесінде:
1) 2 тармағында:
5) тармақшасы алынып тасталсын:
«сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге жеткізуші ұсынған шот бойынша» деген сөздер алынып тасталсын;
2) көрсетілген Ережеге қосымшада:
тоғызыншы және оныншы абзацтары алынып тасталсын.       
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Б.Аманжолов,
сессия төрағасы
А.Жүніспеков,
мәслихат хатшысы 

Қарағанды облысы әділет Департаментінде 2014 жылғы 17 қаңтардағы нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 2508 нөмірімен енгізілген.     

Дата публикации
16 июня 2020
Дата обновления
16 июня 2020
Тип

Сейчас читают

Бағыттар
13 октября 2026
Ұсыну қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Тіркеу қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы