Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының

аумақтық сайлау комиссиясының

ХАБАРЛАМАСЫ

 

Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22, 113-1-баптарына сәйкес

  1. Ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтері құрылды:

- Белағаш ауылдық округінің әкімі – Белағаш және Аюлы ауылдары шекарасындағы Белағаш сайлау округі;

- Ростов ауылдық округінің әкімі – Ростовка, Қызылжар және Красная Нива ауылдары шекарасындағы Ростов сайлау округі.

 

  1. Сайлау 2026 жылдың 24 мамырына тағайындалды:

- Белағаш ауылдық округі әкімінің;

- Ростов ауылдық округі әкімінің.

 

  1. Бұқар жырау ауданының Белағаш және Ростов ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілді:

- әкімдікке кандидаттарды ұсыну 16 сәуірде басталып, 2026 жылғы 28 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады;

- әкімдікке кандидаттарды тіркеу 2026 жылғы 3 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады;

- әкімдікке кандидаттардың сайлау алдындағы үгітті жүргізуі 2026 жылғы 3 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталады және 2026 жылғы 23 мамырда жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

 

 

Бұқар жырау ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ
Дата публикации
15 апреля 2026