Құрметті «БЖЗҚ» АҚ салымшылары!
Бизнес-процестерді оңтайландыру, электрондық (цифрлық) қызметтерді автоматтандыру және дамыту нәтижесінде, сондай-ақ, салымшылар мен алушылардың Қор қызметтерін Ұлттық пошта операторының («Қазпошта» АҚ) бөлімшелерінде алу мүмкіндігін іске асыруды ескере отырып, 2020 жылдың 1 желтоқсанынан бастап «БЖЗҚ» АҚ-ның Ботақара кенті, Бұқар жырау ауданы, Қазыбек би көшесі, 77 мекенжайы бойынша орналасқан қызмет көрсету кеңсесі жабылады.
Қажет болған жағдайда, Сіз «БЖЗҚ» АҚ-ның мына мекенжай бойынша орналасқан жақын жердегі кеңсеге хабарласа аласыз: Қарағанды қаласы, Бұқар Жырау даңғылы, 82
Қызмет көрсету кеңсенің жұмыс тәртібі: Дүйсенбі – жұма: сағ. 09.00-ден 18:00-ге дейін
Сондай-ақ, enpf.kz сайты немесе мобильді қосымша арқылы онлайн режимінде төмендегі қызмет түрлерін алуға болатынын естеріңізге саламыз:
Толық ақпаратты Сіз байланыс орталығының 1418 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) телефон нөмірі бойынша ала аласыз.