

Әрбір өтініш пен ұсыныс назарға алынып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді. Көтерілген мәселелердің барлығы қолданыстағы заңнама аясында қарастырылып, кезең-кезеңімен шешімін табатын болады. Сонымен қатар қабылдауға келген азаматтарға мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктері мен құқықтық қолдау тетіктері жөнінде тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Айта кетейік, аудан әкімінің азаматтарды жеке қабылдауы әр бейсенбі күні тұрақты түрде өткізіледі. Қабылдауға алдын ала жазылу үшін 2-11-18 байланыс нөмірі арқылы хабарласуға болады.