Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 1 наурызда өткен сайлауда сайланған Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Көкпекті ауылдық округі және Ақөре ауылы әкімдерін тіркеу туралы хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-11 бабына сәйкес, Бұқар жырау ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 2 наурыздағы шешімдерінің негізінде:
- Көкпекті ауылдық округінің әкімі ретінде 1977 жылы туған, Бұқар жырау ауданы Көкпекті ауылдық округінің әкімі, Бұқар жырау ауданы Көкпекті ауылының тұрғыны Досмаков Айдын Толеуханович тіркелді.
- Ақөре ауылының әкімі ретінде 1982 жылы туған, Бұқар жырау ауданы Ақөре ауылының әкімі, Бұқар жырау ауданы Ақөре ауылының тұрғыны Магауиянов Асет Саятович тіркелді.
Бұқар жырау ауданының аумақтық сайлау комиссиясы