Аудан әкімі Ерлан Құсайын кезекті рет азаматтарды жеке қабылдап, тұрғындардың өзекті мәселелерін тыңдады. Қабылдау барысында Төрткөл ауылындағы мәдениет үйін қалпына келтіру және жер учаскелерін беру мәселелері көтерілді. Аудан басшысы биыл аталған нысанға қаржы бөлініп, қалпына келтіру жұмыстары басталатынын атап өтті. Жер мәселесіне қатысты қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жалпы, әрбір өтініш пен ұсыныс назарға алынып, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді. Сонымен қатар қабылдауға келген азаматтарға мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктері мен құқықтық қолдау тетіктері жөнінде жан-жақты ақпарат берілді.