Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының аумақтық сайлау комиссиясының Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Көкпекті ауылдық округі және Ақөре ауылының әкімін сайлау қорытындысы туралы хабарламасы

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының

аумақтық сайлау комиссиясының Қарағанды облысы

Бұқар жырау ауданының Көкпекті ауылдық округі және Ақөре ауылының әкімін сайлау қорытындысы туралы хабарламасы

 

         2026 жылғы 1 наурызда Бұқар жырау ауданының Көкпекті ауылдық округі және Ақөре ауылы әкімдерінің сайлауы өтті.

         "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Бұқар жырау ауданының Көкпекті ауылдық округі және Ақөре ауылы әкімдерін сайлау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясы сайлау қорытындыларын белгіледі:

 

         Көкпекті сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2938 азамат енгізілді, олардың 2033-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 4, "Барлығына қарсы" жолында белгісі бар - 10.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

         Ахметова А.М. – 231, Досмаков А.Т. – 1488, Умирзаков А.С. – 300.

         Көкпекті ауылдық округінің әкімі болып Айдын Толеуханович Досмаков сайланды, 1977 жылы туған, қазақ, «Бұқар жырау ауданының Көкпекті ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімі, "AMANAT" партиясының мүшесі, Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Көкпекті ауылында тұрады, "AMANAT" партиясы ұсынған.

 

Ақөре сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 175 азамат енгізілді, олардың 122-сі дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 2, "Барлығына қарсы" жолында белгісі бар - 2.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

         Дребант Ю.А. – 18, Магауиянов А.С. – 85, Мейрам А.Т. – 15.

         Ақөре ауылының әкімі болып Асет Саятович Магауиянов сайланды, 1982 жылы туған, қазақ, «Бұқар жырау ауданының Ақөре ауылы әкімінің аппараты» ММ әкімі, "AMANAT" партиясының мүшесі, Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Ақөре ауылында тұрады, "AMANAT" партиясы ұсынған.

 

 

Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясы

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының аумақтық сайлау комиссиясының Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Көкпекті ауылдық округі және Ақөре ауылының әкімін сайлау қорытындысы туралы хабарламасы
Дата публикации
02 марта 2026