Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін (жалға) уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру бойынша қайта конкурс өткізу туралы Хабарлама

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін (жалға) уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру бойынша қайта конкурс өткізу туралы

Хабарлама

24  қантар 2026 жыл

 

2026 жылғы 23 ақпанда сағат 14.30-де Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы,  Ботақара кенті, Казыбек би көшесі, 60А мекенжайы бойынша орналасқан «Бұқар жырау ауданының жер қатынастары бөлімі» ғимаратында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін (жалға) уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру бойынша конкурс өтеді.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар беріледі:

  1. Конкурсқа қатысуға арналған өтінім.
  2. Конкурстық ұсыныс.

Конкурсқа  қатысу үшін өтінімді тіркеу және қабылдау 2026 жылғы 9 ақпаннан  бастап 2026 жылғы  20 ақпан сағат 18-30-ға дейін Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті, Қазыбек би к-сі, 60 А (2 қабат, 1-ші кабинет) мекенжайында орналасқан, «Бұқар жырау ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-де жүзеге асырылады.                     

Конкурсқа қатысуға өтінім өтінімдерді беру мерзімі аяқталғанша қағаз тасығышта қолма-қол не почта арқылы немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беріледі.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

4) конкурстық ұсыныс;

5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

Конкурсқа Қазақстан Республикасының белгіленген тәртіпте тіркелген мемлекеттік емес заңды тұлғаларымен (шетелдік заңды тұлғалардан, сондай-ақ жарғылық капиталында шетелдіктердің, шетелдік заңды тұлғалардың, азаматтығы жоқ тұлғалардың үлесі елу пайыздан астамын құрайтын заңды тұлғалардан басқа) Қазақстан Республикасының азаматтары ақпараттық хабармен бекітілген мерзімінен кешіктірмей конкурсқа қатысуға рәсімделген өтінім жібереді.

 

 


лот №

Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы (алқаптың түрі және құрамы, балл бонитеті)

Алаңы,
 га

Жалға беру мерзімі

Жер учаскесінің орналасқан жері

Сумен қамтамасыз етілуі

Өңірдің ауыл шаруашылығына мамандануы

1

2

3

4

5

6

7

 

 

1

Талшынды, егістік -187,0 га, жайылым -74,6 га, дала жолдары – 1,4180 га.

 Балл бонитет – 18.

263,0180

10

Керней а/о

Қамтамасыз етілген

Өсімдік және мал шаруашылығы

 

2

Талшынды

егістік – 39,8 га,

жолдар -0,0187 га,

 Балл бонитета – 25.

39,8187

10

 Керней а/о

Қамтамасыз етілмеген

Өсімдік шаруашылығы

3

Талшынды

егістік – 176,0 га,

жайылым-37,0 га

жолдар -0,3 га,

суағарлар-0,0987

 Балл бонитета – 25.

213,3987

10

 Керней а/о

Қамтамасыз етілмеген

Өсімдік және мал шаруашылығы

4

Талшынды

жайылым - 401,0 га

о.і.түбегейлі жақсартылған 33 га,

жолдар -0,9660га,

Балл бонитета – 25.

401,9660

10

 Керней а/о

Қамтамасыз етілмеген

Мал шаруашылығы

5

Талшынды,

Егістік 162,0 га

Жайылым – 194,6 га,

дала жолдары– 0,4045 га,

 

 

357,0045

10

Петровка а/о

Қамтамасыз етілмеген

Өсімдік және мал шаруашылығы

6

Талшынды,

Шабындық – 7,0 га,

жайылым – 353,4 га

о.і. т.ж жайылым  66 га

дала жолдары– 1,2692 га,

су ағар  0,459 га

362,1282

10

Петровка а/о

Қамтамасыз етілмеген

мал шаруашылығы

7

Талшынды,

Жайылым – 297,6 га,

дала жолдары-0,6985 га

 

298,2985

10

Петровка а/о

Қамтамасыз етілмеген

мал шаруашылығы

8

Талшынды,

Суармалы егістік –210,0 га,

дала жолдары-1,0 га,

суағар – 0,2260 га

211,0

10

Петровка а/о

Қамтамасыз етілген

Өсімдік шаруашылығы

9

Талшынды, егістік -187,0 га, жайылым-74,0 га, дала жолдары – 0,4903 га, суағарлар -0,3596 га. 

 Балл бонитет – 19.

261,8499

10

Белағаш а/о

Қамтамасыз етілмеген

Өсімдік және мал шаруашылығы

10

Талшынды, егістік -252,0 га, жайылым-255,0 га,

о.і.түбегейлі жақсартылған 67,0 га дала жолдары – 0,6351 га, 

507,2121

10

Белағаш а/о

Қамтамасыз етілмеген

Өсімдік және мал шаруашылығы

 

 Конкурсты ұсыныста:

  1. Бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);
  2. Шаруашылық ішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;
  3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы №7 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №19893 болып тіркелген) бекітілген, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі №173 бұйрығымен бекітілген жайылымдарды ұтымды пайдалану Қағидалары (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15090 болып тіркелген), өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

Конкурстық ұсынысты «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.

Конкурстық  ұсыныстың жабық конвертінде «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс» және «2026 жылғы 23 ақпаннын сағат 14.30-ға дейін ашуға болмайды» (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсанындағы №518 бұйрығымен бекітілген «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қағидадағы және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 Жер Кодексінің 43, 43-1, 48 бабының  талаптарына сәйкес өткізіледі.

Қосымша ақпаратты Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті, Қазыбек би к-сі, 60 А (2 қабат, 1-ші кабинет) мекенжайында орналасқан, «Бұқар жырау ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінен ала аласыздар.  

Байланыс телефондары: 8 (72154) 79024, 53618, электронды мекенжайы http://www.bukhar-zhirau.kz/,gu_otdel-zem.otnosheni@mail.ru.   

Учаскелердің схемалары сайтта орналастырылған https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-buhar, «конкурсқа шығарылған жер учаскелерінің орналасу схемалары» бөлімінде.

«Бұқар жырау ауданының жер  қатынастары бөлімі» ММ

Дата публикации
29 января 2026