Бұқар жырау аудандық АСК
2026 жылғы 21 қаңтардағы
№ 1 қаулысымен бекітілді
2026 жылғы 1 наурызға тағайындалған
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Көкпекті ауылдық округі және Ақөре ауылы әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары
|
1. Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Көкпекті ауылдық округі және Ақөре ауылы әкімдерінің сайлауын тағайындау |
|
|
|
Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 21 қаңтар (113-1-б.,1,3-т) |
|
2. Аудандық "Buqar jyray' jarshysy" газетінде олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерлерін көрсете отырып, сайлау округтерінің тізімін жариялау. |
|
|
|
Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясы. Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей - 2026 жылғы 31 қаңтардан кешіктірмей (22-б.,2-т) |
|
3. Аудандық "Buqar jyray' jarshysy" газетінде аудандық сайлау комиссиясының құрамын жариялау. |
|
|
|
Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясы. Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей - 2026 жылғы 31 қаңтардан кешіктірмей (13-б., 4-т) |
|
4. Аудандық "Buqar jyray' jarshysy" газетінде учаскелік сайлау комиссияларының құрамын жариялау |
|
|
|
Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясы. Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей - 2026 жылғы 5 ақпаннан кешіктірмей (17-б. 2-т.) |
|
5. Аудандық "Buqar jyray' jarshysy" газетінде сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді жариялау |
|
|
|
Бұқар жырау ауданының әкімі. Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде - 2026 жылғы 5 ақпаннан кешіктірмей (23-б. 5-т.) |
|
6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну. |
|
|
|
Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгешелік белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге он бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады. 2026 жылғы 22 қаңтарда басталады және 2026 жылғы 3 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады (113-3-б.5-т.)
|
|
7. Әкімдікке кандидаттың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау |
|
|
|
Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясы (4-б.4-т, 113-2-б.) |
|
8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясы. Әкімдікке кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап (14-б. 2-1т., 31-б.) |
|
9. Әкімдікке кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинауға арналған қол қою парақтарын беру |
|
|
|
Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясы Кандидаттың Конституциялық заңда, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде (113-4-б.) |
|
10. Әкімдікке кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың растығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу |
|
|
|
Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясы паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып Қол қою парақтары тиісті сайлау комиссияларына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде (113-4-б. 7-т.) |
|
11. Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы 2025 жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі |
|
|
|
Әкімдікке кандидатттар, саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 2-т.) |
|
12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну (2026 жылғы 1 қаңтарға) |
|
|
|
Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 3-т.) |
|
13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің растығын тексеру |
|
|
|
Мемлекеттік кірістер органдары Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде (113-5-б. 4-т.) |
|
14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясы Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен он күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады. 2026 жылғы 8 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады (113-5-б.14-т) |
|
15. Аудандық "Buqar jyray' jarshysy" газетінде әкімге кандидаттарды тіркеу туралы хабарлама жариялау. Аудандық сайлау комиссиясы жинақтауда және сайтта орналастыру. |
|
|
|
Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясы. Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей (113-5-б. 9-т.) |
|
16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру |
|
|
|
Бұқар жырау ауданының әкімдігі және Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясы Үгіт басталғанға дейін (28-б. 6-т.) |
|
17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу |
|
|
|
Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады 2026 жылғы 8 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталады және 2026 жылғы 28 ақпанда жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады (27-б. 2-т.) |
|
18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттарменолардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Бұқар жырау ауданының әкімдігі және Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясы Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде (28-б. 4-т.) |
|
19. Сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну |
|
|
|
Бұқар жырау ауданының әкімі Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын 2026 жылғы 9 ақпанға дейін (24-б. 5-т.) |
|
20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда 2026 жылғы 14 ақпаннан бастап (26-б. 1-т.) |
|
21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей 2026 жылғы 19 ақпанға дейін (18-б. 5) т., 38-б. 2-т.) |
|
22. Сайлау бюллетеньдерін дайындау. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссиясына жеткізу. |
|
|
|
Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясы. Сайлаудан ерте дегенде үш күн бұрын және кемінде бір күннен кешіктірмей 2026 жылғы 26 ақпаннан ерте емес және 28 ақпаннан кешіктірмей (37-б. 3-т.) |
|
23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда 2026 жылғы 1 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 06.00-де (40-б. 1-т.) |
|
24. Дауыс беруді өткізу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Сайлау күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін (38-б. 1-т.) |
|
25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады (18-б. 8) т., 43-б.) |
|
26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу (43-б. 8-т.) |
|
27. Сайлау учаскесінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды аудандық сайлау комиссиясына ұсыну. |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу (113-8-б. 1-т.) |
|
28. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу |
|
|
|
Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясы Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей 2026 жылғы 4 наурыздан кешіктірмей (113-10-б.1 т.)
|
|
29. Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Көкпекті ауылдық округі және Ақөре ауылы әкімдерінің сайлау қорытындылары туралы хабарламаны "Buqar jyray' jarshysy " аудандық газетінде жариялау |
|
|
|
Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясы. Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей 2026 жылғы 7 наурыздан кешіктірмей. (44-б.) |
|
30. Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Көкпекті ауылдық округі және Ақөре ауылының сайланған әкімдерін тіркеу, тиісті куәліктер беру. |
|
|
|
Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясы. Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде Сайланған әкімді жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін 2026 жылғы 7 наурыздан кешіктірмей (45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т) |
Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер беріледі.