Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

Қарағанды облысы

Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясының

ХАБАРЛАМАСЫ

 

Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22, 113-1-баптарына сәйкес

  1. Ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтері құрылды:

- Көкпекті ауылдық округінің әкімі – Көкпекті, Байқадам және Сарытөбе ауылдары шекарасындағы Бұқар жырау сайлау округі;

- Ақөре ауылының әкімі – Ақөре ауылы шекарасындағы Ақөре сайлау округі.

 

  1. Сайлау 2026 жылдың 1 наурызына тағайындалды:

- Көкпекті ауылдық округі әкімінің;

- Ақөре ауылы әкімінің.

 

  1. Бұқар жырау ауданының Көкпекті ауылдық округі және Ақөре ауылы әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілді:

- әкімдікке кандидаттарды ұсыну 22 қаңтарда басталып, 2026 жылғы 3 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады;

- әкімдікке кандидаттарды тіркеу 2026 жылғы 8 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады;

- әкімдікке кандидаттардың сайлау алдындағы үгітті жүргізуі 2026 жылғы 8 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталады және 2026 жылғы 28 ақпанда жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

 

 

Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясы

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы аумақтық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ
Дата публикации
21 января 2026