Сервистік топтың шығу кестесі

         Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті жұмыстың сервистік моделіне көшу шеңберінде Халықтың барлық санаттары үшін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге назар аударатынын хабарлайды.

         01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізілетін «Мемлекеттік кірістер органының сервистік тобы туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 29 қазандағы №645 бұйрығымен аумақтық салық органдары мамандарының мынадай тұлғаларға Көшпелі қызмет көрсетуі көзделген:

         1) бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;

         2) еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі 2 (екі) айдан астам белгіленуі мүмкін аурулары бар адамдар;

         3) сырттан күтім мен көмекке мұқтаж сексен жастан асқан қарт адамдар;

         4) аумағында жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері жоқ шалғай елді мекендерде тұратын жеке тұлғалар.

         Сервистік топтың келуіне өтінім беру байланыс орталығы арқылы телефон нөмірі бойынша жүзеге асырылады (7172) 73 55 15, 8 705 956 53 88.

Сервистік топтың шығу кестесі
Дата публикации
14 января 2026