2025 жылы Бұқар жырау ауданы бойынша өсімдіктерді қорғау саласында төмендегідей шаралар атқарылды.
Аудан бойынша ауыл шаруашылығының аса қауіпті зиянкесі – үйірлі шегірткелерге қарсы 9,1 мың гектар алқабында, атап айтқанда жүрдегі бүріккіштермен 2,3 мың гектарда, аса жеңіл авиациямен 6,8 мың гектар алқапта химиялық күрес жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, саяқ шегірткелерге қарсы 8,9 мың гектар жерде аса жеңіл ұшақтармен химиялық өңдеу жүргізілді. Химиялық күрес жұмыстарының биологиялық тиімділігі жоғары болды.
Ауыл шаруашылығының аса қауіпті аурулары тат пен септориозға қарсы шаруашылықтар өз қаражаттарына 2,2 мың гектар егістік алқапта химиялық күрес жүргізді.
Болжам бойынша 2026 жылы үйірлі шегіртке - итальяндық прусқа қарсы 7,5 мың гектар алқап химиялық өңдеуге жатқызылды. Оның ішінде: 3,1 мың гектары жүрдегі вентиляторлы бүріккіштермен, 1,5 мың гектары аэрозольды генераторлармен, 2,9 мың гектары аса жеңіл авиациямен өңделеді. Ал, саяқ шегірткелерге қарсы 19,35 мың гектар жерде химиялық өңдеу жүргізу жоспарланды. Оның ішінде мемлекеттік жер қоры 9,15 мың гектар, шаруа қожалықтарының жері 10,2 мың гектарды құрайды.

