2025 жылғы 26 қазанда өтетін Бұқар жырау аудандық мәслихатының депутатын сайлауды өткізуге байланысты материалдарды жариялау бағалары туралы ақпарат
«Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28 бабы 3 тармағына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары өзін-өзі ұсыну тәртібімен және саяси партиялардың ұсынуымен Бұқар жырау аудандық мәслихаты депутаттығына тіркелген кандидаттарға шарттық негізде баспасөз бетінен орын береді.
«Бұқар жырау жаршысы» ЖШС аудандық «Buqar jyraý jarshysy» газетінде ішкі жолақтардағы (түстілерден басқа) баспа алаңының 1 шаршы см құны ҚҚС-ті есепке алмағанда 200 теңгені құрайтынын хабарлайды.
Мәслихат депутаттығына кандидатқа үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыру үшін берілетін газет алаңы газетпен жасалған жазбаша шарттың негізінде жүзеге асырылады.
Үгіттік баспа материалдары газет редакциясына модульдер немесе мақалалар түрінде дайын басып шығарылған күйде (әрбір параққа кандидаттың немесе оның сенім білдірген адамының қолы қойылып) немесе электрондық жеткізгіште газет шығатын күнге дейін 3 (үш) жұмыс күні бұрын ұсынылады.
Баспа материалдарын орналастыру кезектілігін газет редакциясы жазбаша өтініштердің түсу ретімен белгілейді. Бір мезгілде бірнеше кандидаттар мен саяси партиялардан өтініштер түскен жағдайда, газет редакциясы жеребе тастайтын болады. Жеребе тастауға кандидаттың уәкілдері, және даудың тәуелсіз тарабы ретінде БАҚ өкілі мен баспа материалдарын орналастыру кезектілігіне дау айтатын саяси партияның өкілдері қатысады.
Үгіттік баспа материалдары газет бетінде газет редакциясының есеп-шот берген күннен бастап 5 (бес) банктік күн ішінде түсу ретіне қарай жарияланады.
Еске саламыз, мәслихат депутаттығына сайланатын кандидаттардың сайлауалды материалдарында қаржыландыру көзі жайлы ақпараттар болуы тиіс.
«Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Заңына мазмұны сәйкес келмейтін мәтіндер жарияланбайды.
«Бұқар жырау жаршысы» ЖШС