Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық
аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-тармағына, 113-1-бабына, Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 27 тамыздағы № 4 қаулысына сәйкес 2025 жылғы 26 қазанға №11 бірмандаттық сайлау округі бойынша Бұқар жырау аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау тағайындалғанын хабарлайды.
Кандидаттарды ұсыну 2025 жылғы 27 тамызда басталады және 25 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады. Кандидаттарды тіркеу 2025 жылғы 30 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.
Сайлау алдындағы үгіт 2025 жылғы 30 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2025 жылғы 24 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 00.00-де аяқталады.
Бұқар жырау ауданының
аумақтық сайлау комиссиясының құрамы:
Нурланов Марат Куанышевич – комиссия төрағасы
Кутжанов Дамир Махмутович – комиссия төрағасының орынбасары
Каржанов Карибай Мубаракович – комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері:
Балпанова Асель Клышпековна, Казбекова Алуа Ахмадиевна, Мукбелова Динара Маратовна, Нурманова Гульмира Шакирбековна
Комиссияның мекен-жайы: Ботақара кенті, Абылай хан көшесі 39А, телефон: 8(72154)21559
Бұқар жырау аудандық мәслихатының депутатын сайлау бойынша
№11 бірмандаттық сайлау округі бойынша
округтік сайлау комиссиясының құрамы
Устимова Ольга Викторовна – комиссия төрағасы
Сагалаева Александра Васильевна – комиссия төрағасының орынбасары
Файзуллина Венера Фархадовна – комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері:
Жумабеков Бактыбек Хайратович, Мусаинов Канат Сланович.
Комиссияның мекен-жайы: Новоузенка ауылы, Новоузенская көшесі 38,
Клуб ғимараты, телефон: 8(72138)39419
Бұқар жырау ауданының
аумақтық сайлау комиссиясы