Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін (жалға) уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру бойынша конкурс өткізу туралы Хабарлама

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін (жалға) уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру бойынша конкурс өткізу туралы

Хабарлама

5 шілде  2025 жыл

 

2025 жылғы 26 тамызда сағат 10.00-де Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы,  Ботақара кенті, Казыбек би көшесі, 60А мекенжайы бойынша орналасқан «Бұқар жырау ауданының жер қатынастары бөлімі» ғимаратында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін (жалға) уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру бойынша конкурс өтеді.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар беріледі:

  1. Конкурсқа қатысуға арналған өтінім.
  2. Конкурстық ұсыныс.

Конкурсқа  қатысу үшін өтінімді тіркеу және қабылдау 2025 жылғы 5 тамыздан бастап 2025 жылғы  25 тамыз сағат 17.00-ге дейін Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті, Қазыбек би к-сі, 60 А (2 қабат, 1-ші кабинет) мекенжайында орналасқан, «Бұқар жырау ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-де жүзеге асырылады.                    

Конкурсқа қатысуға өтінім өтінімдерді беру мерзімі аяқталғанша қағаз тасығышта қолма-қол не почта арқылы немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беріледі.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

4) конкурстық ұсыныс;

5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

Конкурсқа Қазақстан Республикасының белгіленген тәртіпте тіркелген мемлекеттік емес заңды тұлғаларымен (шетелдік заңды тұлғалардан, сондай-ақ жарғылық капиталында шетелдіктердің, шетелдік заңды тұлғалардың, азаматтығы жоқ тұлғалардың үлесі елу пайыздан астамын құрайтын заңды тұлғалардан басқа) Қазақстан Республикасының азаматтары ақпараттық хабармен бекітілген мерзімінен кешіктірмей конкурсқа қатысуға рәсімделген өтінім жібереді.

 

 


лот №

Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы (алқаптың түрі және құрамы, балл бонитеті)

Алаңы,
 га

Жалға беру мерзімі

Жер учаскесінің орналасқан жері

Сумен қамтамасыз етілуі

Өңірдің ауыл шаруашылығына мамандануы

1

2

3

4

5

6

7

 

 

1

Талшынды,

Тыңайған жер – 72,50 га,

дала жолдары – 0,4465 га.

72,9465

10

Ақтобе а/о

Қамтамасыз етілмеген

Өсімдік шаруашылығы

 

2

Талшынды,

тыңайған жер – 15,0 га,

жайылым – 85,0 га,

оның ішінде т.ж. жайылым -  65,0 га

дала жолдары – 0,2409 га,

100,2409

10

Ақтобе а/о

Қамтамасыз етілмеген

Мал шаруашылығы

3

Талшынды,

Тыңайған жер  – 36,5 га,

дала жолдары – 0,4687 га.

36,9687

10

Ақтобе а/о

Қамтамасыз етілмеген

Өсімдік шаруашылығы

4

Талшынды,

жайылым – 38,9 га,

оның ішінде т.ж. жайылым - 38,9

дала жолдары – 0,0647 га,

38,9647

10

Ақтобе а/о

Қамтамасыз етілмеген

Мал шаруашылығы

5

Талшынды,

Егістік  – 106,9 га,

дала жолдары – 0,0115 га,

106,9115

10

Ақтобе а/о

Қамтамасыз етілмеген

Өсімдік шаруашылығы

6

Талшынды,

егістік  – 62,3 га,

жайылым – 0,6 га,

дала жолдары -0,0767 га,

62,9767

10

Ақтобе а/о

Қамтамасыз етілмеген

Өсімдік шаруашылығы

7

Талшынды,

егістік  - 50,0 га,

дала жолдары -0,0161 га,

50,0161

10

Ақтобе а/о

Қамтамасыз етілмеген

Өсімдік шаруашылығы

8

Талшынды,

егістік  - 39,0 га,

дала жолдары -0,3962 га,

 

39,3962

10

Ақтобе а/о

Қамтамасыз етілмеген

Өсімдік шаруашылығы

9

Талшынды,

 егістік  - 90,2

жайылым – 1,7227 га,

 

91,9227

10

Ақтобе а/о

Қамтамасыз етілмеген

Өсімдік шаруашылығы

10

Талшынды,

егістік  – 19,75 га,

дала жолдары – 0,0158 га,

 

19,7658

10

Ақтобе а/о

Қамтамасыз етілмеген

Өсімдік шаруашылығы

 

 Конкурсты ұсыныста:

  1. Бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);
  2. Шаруашылық ішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;
  3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы №7 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №19893 болып тіркелген) бекітілген, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі №173 бұйрығымен бекітілген жайылымдарды ұтымды пайдалану Қағидалары (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15090 болып тіркелген), өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

Конкурстық ұсынысты «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.

Конкурстық  ұсыныстың жабық конвертінде «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс» және «2025 жылғы 26 тамыз сағат 10.00-ге дейін ашуға болмайды» (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсанындағы №518 бұйрығымен бекітілген «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қағидадағы және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 Жер Кодексінің 43, 43-1, 48 бабының  талаптарына сәйкес өткізіледі.

Қосымша ақпаратты Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті, Қазыбек би к-сі, 60 А (2 қабат, 1-ші кабинет) мекенжайында орналасқан, «Бұқар жырау ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінен ала аласыздар.  

Байланыс телефондары: 8 (72154) 79024, 53618, электронды мекенжайы http://www.bukhar-zhirau.kz/,gu_otdel-zem.otnosheni@mail.ru.   

Учаскелердің схемалары сайтта орналастырылған https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-buhar, «конкурсқа шығарылған жер учаскелерінің орналасу схемалары» бөлімінде.

«Бұқар жырау ауданының жер  қатынастары бөлімі» ММ

 

 

Дата публикации
08 июля 2025