Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

Қарағанды облысы

Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясының

ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22, 113-1-баптарына сәйкес

  1. Ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтері құрылды:

- Қушоқы кентінің әкімі – Қушоқы кенті және Майөзек ауылы шекарасындағы Қушоқы сайлау округі;

- Қарақұдық ауылының әкімі – Қарақұдық ауылы шекарасындағы Қарақұдық сайлау округі;

- Бұқар жырау ауылдық округінің әкімі – Бұқар жырау, Семізбұғы және Шалқар ауылдары шекарасындағы Бұқар жырау сайлау округі;

- Жаңаөзен ауылдық округінің әкімі – Жаңаөзен, Стан және Севан ауылдары шекарасындағы Жаңаөзен сайлау округі;

- Ростов ауылдық округінің әкімі – Ростовка, Қызылжар және Красная Нива ауылдары шекарасындағы Ростов сайлау округі;

- Шешенқара ауылдық округінің әкімі – Шешенқара және Ащысу ауылдары шекарасындағы Шешенқара сайлау округі.

 

  1. Сайлау 2025 жылдың 22 маусымына тағайындалды:

- Қушоқы кенті әкімінің;

- Қарақұдық ауылы әкімінің;

- Бұқар жырау ауылдық округі әкімінің;

- Жаңаөзен ауылдық округі әкімінің;

- Ростов ауылдық округі әкімінің;

- Шешенқара ауылдық округі әкімінің.

 

  1. Бұқар жырау ауданының Қушоқы кенті, Қарақұдық ауылы, Бұқар жырау, Жаңаөзен, Ростов және Шешенқара ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілді:

- әкімге кандидаттарды ұсыну 15 мамырда басталып, 2025 жылғы 27 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады;

- әкімге кандидаттарды тіркеу 2025 жылғы 1 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады;

- әкімге кандидаттардың сайлау алдындағы үгітті жүргізуі 2025 жылғы 1 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталады және 2025 жылғы 21 маусымда жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясы

 

Бұқар жырау ауданы аумақтық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ № 2 14 мамыр 2025 жыл
Дата публикации
14 мая 2025