Сайлауды тағайындау туралы

Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 2-3) тармақшасына, 101-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 3-1 тармағына және 6-тармағына сәйкес Бұқар жырау ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 30 наурызға Бұқар жырау аудандық мәслихатының №8, №9 бірмандаттық сайлау округтері бойынша шығып қалған депутаттарының орнына сайлау тағайындады.

Мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну 2025 жылғы 29 қаңтарда басталады және 28 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18-00-де аяқталады.

Кандидаттарды тіркеу 2025 жылғы 29 қаңтарда басталады және 5 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18-00-де аяқталады.

 

Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясы.

 

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының аумақтық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ
Дата публикации
29 января 2025