Сайлауды тағайындау туралы

Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ

Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Бұқар жырау аудандық сайлау комиссияның 2024 жылғы 9 қазандағы №52 шешімімен Ақбел, Гагарин және Доскей ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау 2024 жылғы 17 қарашаға тағайындалғанын хабарлайды.

- Әкім болуға кандидаттарды ұсыну мерзімі: 2024 жылдың 10 қазанынан басталып, 2024 жылғы 22 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады;

- Әкім болуға кандидаттарды тіркеу мерзімі: барлық қажетті құжаттар ұсынылғаннан кейін басталады және жергілікті уақыт бойынша 2024 жылдың 27 қазанында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.

- Үгіт мерзімі: 2024 жылдың 27 қазанында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2024 жылдың 16 қарашасында жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

Барлық сұрақтар бойынша төмендегі мекен-жайға хабарласуға болады: Ботақара кенті, Қазыбек би көшесі, 60А, 10,11 кабинет. Тел: 87215421559

Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясы

Бұқар жырау аудандық сайлау комиссияның 2024 жылғы 9 қазандағы №52 шешімі
Дата публикации
09 октября 2024