Сайлауды тағайындау туралы

Қарағанды облысы
Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ

 

Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22, 113-1-баптарына сәйкес

  1. Ботақара ауылы әкімін сайлау бойынша - Ботақара ауылы шекарасындағы Ботақара сайлау округі құрылды.
  2. Ботақара ауылының әкімін сайлау 2024 жылдың 4 тамызына тағайындалды.
  3. Бұқар жырау ауданының Ботақара ауылы әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілді:

- әкімге кандидаттарды ұсыну 27 маусымда басталып, 2024 жылғы 9 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады;

- әкімге кандидаттарды тіркеу 2024 жылғы 14 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады;

- әкімге кандидаттардың сайлау алдындағы үгітті жүргізуі 2024 жылғы 14 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталады және 2024 жылғы 3 тамызда жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясы

Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 26 маусымдағы № 38 шешімі
Дата публикации
26 июня 2024