2024 жылғы 14 мамырда Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда «Бұқар жырау ауданының Баймырза, Тоғызқұдық ауылдық округтері және Суықсу ауылы әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы» мәселе қаралды.
Бұқар жырау ауданының Баймырза, Тоғызқұдық ауылдық округтері және Суықсу ауылы әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы аудандық сайлау комиссиясының төрағасы М.К. Нурланов баяндама жасады.
Ол 2024 жылдың 2 мамырдан 14 мамырға дейінгі аралықта Бұқар жырау ауданының Баймырза, Тоғызқұдық ауылдық округтері және Суықсу ауылы әкімдеріне 10 кандидат ұсынылғанын хабарлады. Оның ішінде саяси партиялардан – 3 кандидат; өзін - өзі ұсыну тәртібімен – 7 кандидат. Ұсынылған кандидаттардың ішінде 5 ер адам, 5 әйел.
Кандидаттардың орташа жасы 42 жасты құрайды. Ең жас кандидат 29 жаста, үміткерлер арасында ең үлкен жас 55 жаста.
Мамандықтар бойынша: экономика – 1 адам; заңгер – 4 адам; оқытушы – 2 адам; менеджмент – 1 адам; электромеханик – 1 адам; бағалаушы – 1 адам. Ұсынылған кандидаттардың ішінде: мемлекеттік қызметкерлер – 8 адам.
Қазіргі уақытта Бұқар жырау ауданының Баймырза, Тоғызқұдық ауылдық округтері және Суықсу ауылы әкімдеріне кандидаттарды тіркеу процесі жүріп жатыр, ол 2024 жылғы 19 мамыр сағат 18.00-ге дейін жалғасады.
Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясы