Қарағанды облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі ауылдық округтер мен кент әкімдеріне мемлекеттік мекемелердің басшыларына мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасының стандарттары туралы еске салды.
2015 жылы әзірленген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасының стандарттарын белгілеп, ең алдымен қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға бағытталған.
Корлан Бекимова қызметтік әдеп стандарттарын сақтауға барлық мемлекеттік қызметкерлер міндетті екенін атап өтті.
Лектор сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлердің мінез-құлық нормаларына егжей-тегжейлі тоқталып, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің арасында орын алатын әдепсіз әрекеттерге мысалдар келтірді.
Семинар соңында әдеп жөнәндегі уәкіл қызметтегі әріптестеріне іскерлік әдеп пен моральдық-этикалық нормалар қызметте де, үйде сақталу керек екенін баса айтты.