2024 жылғы 9 сәуірде Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда "Бұқар жырау ауданының Ғабиден Мұстафин кенті және Ццентральный ауылдық округі әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы" мәселе қаралды.
Бұқар жырау ауданының Ғабиден Мұстафин кенті және Центральный ауылдық округі әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы аудандық сайлау комиссиясының төрағасы М.К. Нурланов баяндама жасады.
Ол 2024 жылдың 28 наурыздан 9 сәуірге дейінгі аралықта Бұқар жырау ауданының Ғабиден Мұстафин кенті және Центральный ауылдық округі әкімдеріне 8 кандидат ұсынылғанын хабарлады. Оның ішінде саяси партиялардан – 2 кандидат; өзін - өзі ұсыну тәртібімен – 6 кандидат. Ұсынылған кандидаттардың ішінде 4 ер адам, 4 әйел.
Кандидаттардың орташа жасы 42 жасты құрайды. Ең жас кандидат 31 жаста, үміткерлер арасында ең үлкен жас 58 жаста.
Мамандықтар бойынша: экономика және қаржы – 3 адам; заңгер – 3 адам; төтенше жағдайларда қорғау – 1 адам; агроном – 1 адам. Ұсынылған кандидаттардың ішінде: мемлекеттік қызметкерлер – 5 адам.
Қазіргі уақытта Бұқар жырау ауданының Ғабиден Мұстафин кенті және Центральный ауылдық округі әкімдеріне кандидаттарды тіркеу процесі жүріп жатыр, ол 2024 жылғы 14 сәуір сағат 18.00-ге дейін жалғасады.
Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясы