Бұқар жырау ауданының Қызылқайың, Петровка және Самарқанд ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

2024 жылғы 23 қаңтарда Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда "Бұқар жырау ауданының Қызылқайың, Петровка және Самарқанд ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы" мәселе қаралды.

Бұқар жырау ауданының Қызылқайың, Петровка және Самарқанд ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы аудандық сайлау комиссиясының төрағасы М.К. Нурланов баяндама жасады.

Ол 2024 жылдың 11 қаңтардан 23 қаңтарға дейінгі аралықта Бұқар жырау ауданының ауылдық округтерінің әкімдеріне 10 кандидат ұсынылғанын хабарлады. Оның ішінде саяси партиялардан – 3 кандидат; өзін - өзі ұсыну тәртібімен – 7 кандидат. Ұсынылған кандидаттардың ішінде 6 ер адам, 4 әйел.

Кандидаттардың орташа жасы 42 жасты құрайды. Ең жас кандидат 30 жаста, үміткерлер арасында ең үлкен жас 61 жаста.

Мамандықтар бойынша: мұғалімдер - 1 адам; экономика және қаржы – 3 адам; заңгер – 4 адам; электромеханикалық өндіріс – 1 адам; автомобиль көлігінің инженер механигі – 1 адам. Ұсынылған кандидаттардың ішінде: мемлекеттік қызметкерлер – 9 адам.

Қазіргі уақытта Бұқар жырау ауданының Қызылқайың, Петровка және Самарқанд ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды тіркеу процесі жүріп жатыр, ол 2024 жылғы 28 қаңтарда сағат 18.00-ге дейін жалғасады.

Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
23 января 2024