Тұзды ауылдық округіндегі көше атауын өзгерту туралы

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабы 4) тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Тұзды ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

1.Тұзды ауылдық округіндегі 117 есептік орам көшесінің атауы –Хамзе көшесі болып қайта аталсын.

2.Осы шешімнін орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

3.Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Тұзды ауылдық округінің әкімі                                     С.Мейрманов

 

Тұзды ауылдық округіндегі көше атауын өзгерту туралы
Дата публикации
18 октября 2023