Бұқар жырау ауданының Ботақара кенті, Ақтөбе, Қаражар, Үміткер, Үштөбе, Центральный, Тұзды ауылдық округтері, Жаңаталап және Суықсу ауылдары әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

Бұқар жырау ауданының Ботақара кенті, Ақтөбе, Қаражар, Үміткер, Үштөбе, Центральный, Тұзды ауылдық округтері, Жаңаталап және Суықсу ауылдары әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

 

2023 жылғы 22 тамызда Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда "Бұқар жырау ауданының Ботақара кенті, Ақтөбе, Қаражар, Үміткер, Үштөбе, Центральный, Тұзды ауылдық округтері, Жаңаталап және Суықсу ауылдары әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы" мәселе қаралды.

Бұқар жырау ауданының Ботақара кенті, Ақтөбе, Қаражар, Үміткер, Үштөбе, Центральный, Тұзды ауылдық округтері, Жаңаталап және Суықсу ауылдары әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы аудандық сайлау комиссиясының төрағасы С.Б.Сембаев баяндама жасады.

Ол 2023 жылдың 10 тамыздан 22 тамызға дейінгі аралықта Бұқар жырау ауданының кент, ауылдар және ауылдық округтерінің әкімдеріне 33 кандидат ұсынылғанын хабарлады. Оның ішінде саяси партиялардан – 9 кандидат; өзін - өзі ұсыну тәртібімен – 24 кандидат. Ұсынылған кандидаттардың ішінде 23 ер адам, 10 әйел.

Кандидаттардың орташа жасы 39 жасты құрайды. Ең жас кандидат 29 жаста, үміткерлер арасында ең үлкен жас 61 жаста.

Мамандықтар бойынша: мұғалімдер - 4 адам; экономика және қаржы – 12 адам; тасымалдауды ұйымдастыру, транспорт, транспорттық техник және технология – 2 адам; материалтану және жаңа материалдар технологиясы – 1 адам; инженер-механик – 4 адам; заңгер – 8 адам; агроном – 1 адам; ветеринарлық фельдшер – 1 адам. Ұсынылған кандидаттардың ішінде: мемлекеттік қызметкерлер – 29 адам.

Қазіргі уақытта Бұқар жырау ауданының Ботақара кенті, Ақтөбе, Қаражар, Үміткер, Үштөбе, Центральный, Тұзды ауылдық округтері, Жаңаталап және Суықсу ауылдары әкімдеріне кандидаттарды тіркеу процесі жүріп жатыр, ол 2023 жылғы 27 тамызда сағат 18.00-ге дейін жалғасады.

Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясы

Об итогах выдвижения кандидатов в акимы поселка Ботакара, Актобинского, Каражарского, Умуткерского, Уштобинского, Центрального сельских округов, сельского округа Тузды, сел Жанаталап и Суыксу Бухар-Жырауского района
Дата публикации
22 августа 2023