Бұқар жырау ауданында "Заң керуені" акциясы өтті!

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы бойынша ҚР Бас Прокурорының тапсырмасын орындау аясында аудан аумағында прокуратура, құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің қатысуымен «Заң керуені» акциясы өткізілді.

Бұл акция Бұқар жырау ауданының Үміткер, Керней, Белағаш, Шешенқара, Ақбел, Петровка, Көкпекті  ауылдық округтерін және  Ботақара ауылын, қамтыды.

Акцияны өткізудің мақсаты жергілікті жерлерде халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру заңдарды түсіндіру, заңды құқықтарын іске асыру, мүмкіндігі жоқ әлеуметтік топтарды анықтау, өңірде қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайту болып табылады.

 

 

Бұқар Жырау ауданында "Заң керуені"акциясы өтті!
Дата публикации
01 ноября 2022