«Қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу» туралы өтініші бойынша ұсыныстар мен ескертулердің жиынтық кестесі

«Қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу» туралы өтініші бойынша ұсыныстар мен ескертулердің жиынтық кестесі

 Жиынтық кесте жасалған күні: 08.08.2022 г.                    

Жиынтық кесте жасалған орын: Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Бұқар жырау к-сі. 47, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша экология департаменті РММ

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның атауы: Қарағанды облысы бойынша экология департаменті РММ

Мүдделі мемлекеттік органдардың ескертулері мен ұсыныстарын жинау туралы хабарланған күн: 23.06.2022 г.

Мүдделі мемлекеттік органдардың ескертулері мен ұсыныстарын беру мерзімі: 23.06-08.08.2022 г.

Мүдделі мемлекеттік органдардың ескертулері мен ұсыныстарын жинақтау:

№

Мүдделі мемлекеттік орган

Ескерту немесе ұсыныстар

Ескерту немесе ұсыныс қалай ескерілгені немесе ескерту немесе ұсыныс ескерілмегені туралы мәліметтер

 

«Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы  әкімінің аппараты» ММ

Белгіленген қызметке қатысты осы мәселе бойынша ұсыныстар мен ескертулер жоқ.

 

 

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау

комитетінің" Қарағанды облысының

санитарлық-эпидемиологиялық бақылау

департаменті" РММ

Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті (бұдан әрі-Департамент) 22.06.2022 жылғы № 2393/1-13 «Совместное предприятие КазГерСтрой" ЖШС көзделіп отырған қызметі туралы өтініші бойынша ұсыныстар мен ескертулерге қатысты Сіздің хатыңызды қарап, құзыреті шегінде мыналарды хабарлайды.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 19-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, белгіленген қызметті жүзеге асыру үшін болуы мүмкін Денсаулық сақтау саласындағы рұқсат беру құжаты эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды болып табылады.

Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-220/2020 бұйрығымен (бұдан әрі - тізбе) айқындалған.

Осыған байланысты, белгіленген қызмет туралы өтініштерде тізбедегі эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерге рұқсат беру құжатының қажеттілігін көрсету қажет.

Сондай-ақ, Кодекстің 46-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес халықтың санитариялық – эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органдар қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғау аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық сараптама (бұдан әрі-нормативтік құжаттама жобалары) жүргізеді.

Өз кезегінде, нормативтік құжаттама жобаларының сараптамасы «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығымен айқындалған тәртіппен ұсынылатын мемлекеттік қызметтер шеңберінде жүргізіледі.

Сонымен бірге, көзделіп отырған қызмет туралы өтініштер жоғарыда көрсетілген нормативтік құжаттама жобаларына жатпайды.

Осылайша, заңнамада көзделген қызмет туралы өтініштерді келісу бойынша Департаметтің және оның аумақтық бөлімшелерінің құзыреті көзделмеген.

 

 

 

«ҚР ЭГТРМ су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы» РММ

Сіздің сұрауларыңызға Шығыс.22.06.2022 ж. №2398/1-13 және 24.06.2022 ж. №2451/1-13 Қарағанды облысының Бұқар Жырау ауданында орналасқан "Доскей-КГС-1" кен орнында шөгінді жыныстарды игеру кезінде тау-кен жұмыстарымен бұзылған жерлерді қалпына келтіру жобасы "нысаны бойынша "СП КазГерСтрой" ЖШС жоспарланған қызметі туралы өтініштің көшірмесін қарауға қатысты РММ, "ҚР ЭГТРМ су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы" (бұдан әрі-Инспекция) хабарлайды: ҚР Су кодексінің 40-бабына сәйкес Инспекция су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыруды, сондай-ақ құрылыс және басқа да жұмыстар жүргізу шарттарын келіседі. Ұсынылған материалдарға сәйкес су қорғау аймақтары мен белдеулерінде белгіленген жерүсті және жерасты су объектілеріне қатысты қаралатын объектінің орналасқан жерін анықтау мүмкін емес. Осыған байланысты келесіні хабарлаймыз: 43 б. 1-2 т. сәйкес

 

 

«ҚР Экология, геология және табиғи

ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы

және жануарлар дүниесі комитетінің

Қарағанды облыстық орман шаруашылығы

және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы»РММ

Белгіленген қызметке қатысты осы мәселе бойынша ұсыныстар мен ескертулер жоқ.

 

 

«Геология және жер қойнауын пайдалану

комитетінің Орталық Қазақстан өңіраралық

департаменті» РММ

 

 

«Орталыққазжерқойнауы» ӨД РММ Сіздің 24.06.2022 жылғы № 2449/1-13 шығыс хатыңызға, ҚР 27.12.2017 жылғы № 125-VI ҚРЗ «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексінің 64-бабына сәйкес жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган жер қойнауын геологиялық зерттеу және жер қойнауы кеңістігін пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратынын хабарлайды.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган  «СП КазГерСтрой» ЖШС берген 23.06.2022 жылғы KZ32RYS00261016 өтінішінде көрсетілген көзделіп отырған қызметте мүдделі мемлекеттік орган болып табылмайтынын хабарлаймыз.

 

 

Қарағанды облысы бойынша Экология Департаменті

1. ҚР Экологиялық кодексінің 320-бабы 2-1-тармақтарының талаптарын ескеру қажет, Қалдықтарды жинақтау орындары:

      1) қалдықтарды жинау (мамандандырылған ұйымдарға беру) немесе осы қалдықтар қалпына келтіру немесе жою жөніндегі операцияларға ұшырайтын объектіге оларды өз бетінше әкету күніне дейін алты айдан аспайтын мерзімге қалдықтарды түзілген жерінде уақытша жинап қоюға;

      2) пайдаланудан шыққан көлік құралдарын және (немесе) өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын қоспағанда, қауіпті емес қалдықтар қалпына келтіру немесе жою жөніндегі операцияларға ұшырайтын объектіге оларды әкету күніне дейін үш айдан аспайтын мерзімге қауіпті емес қалдықтарды жинау процесінде уақытша жинап қоюға (контейнерлерде, қайта тиеу және сұрыптау станцияларында);

      3) қалдықтар қалпына келтіруге немесе жоюға жіберілгенге дейін алты айдан аспайтын мерзімге осы қалдықтар қалпына келтіру немесе жою жөніндегі операцияларға ұшырайтын объектіде оларды уақытша жинап қоюға арналады.

      Пайдаланудан шыққан көлік құралдары және (немесе) өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасы үшін оларды жинау процесінде уақытша жинап қою мерзімі алты айдан аспауға тиіс;

 

 

                      

                              Басшы                                                                                                                                Қ. Мұсапарбеков

 

Сводная таблица предложений и замечаний по Заявлению о намечаемой деятельности «Проведение работ по рекультивации»
Дата публикации
19 августа 2022