Хабарлама
2022 жылғы 31 шілдеде Бұқар жырау ауданы Белағаш ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті. Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес Бұқар жырау ауданы Белағаш ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Белағаш сайлау округі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 360 азамат енгізілді, оның 330-сі дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 0, "барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған-3.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Купенов А.М. - 264; Кунанбаев А.Р. - 30, Курашев Е.К. – 33.
Белағаш ауылдық округінің әкімі болып Амангелді Макатұлы Купенов сайланды, 1971 жылы туған, қазақ, уақытша жұмыс істемейді, "Amanat" партиясының мүшесі, Бұқар жырау ауданы Белағаш ауылында тұрады, "Amanat" партиясы ұсынған.
Бұқар жырау ауданы сайлау комиссиясы