Бұқар жырау ауданы Белағаш ауылдық округі әкімдікке кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы Ақпараттық хабарлама

 Бұқар жырау ауданы  Белағаш ауылдық округі

әкімдікке кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы

Ақпараттық хабарлама

 

         2022 жылдың 21 шілдеде Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясының отырысы өтті.

         Белағаш сайлау округі  әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Ж. Х. Айтпаева баяндама жасады.

           Ол 2022 жылғы 20 шілде сағат 18-дегі жағдай бойынша аудандық сайлау комиссиясы Белағаш ауылдық округі әкіміне ұсынылған 4 кандидаттың ішінен 3 адамды тіркегенін хабарлады.

           Бір кандидат өзінің ұсыну туралы өтінішін отбасы жағдайына байланысты кері қайтарып алды.

          Тіркелген кандидаттар қатарында 3 ер адам (100%).

          Мамандықтар бойынша: экономика -2 адам; қаржы -1 адам. Тіркелген кандидаттар арасында: мемлекеттік қызметшілер – 2, уақытша жұмыс істемейді – 1.

         2022 жылғы 20 шілде сағат 18-ден бастап әкімдікке тіркелген барлық кандидаттар ағымдағы жылғы 30 шілде сағат 00.00-ге дейін жалғасатын сайлау алдындағы үгітті бастауға құқылы.

         Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының "Бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу үшін кандидаттарға қаражат бөлу қағидалары мен көлемін бекіту туралы" 2018 жылғы 25 тамыздағы № 12/202 қаулысына сәйкес кандидатқа БАҚ - та өз бағдарламаларымен сөз сөйлеу үшін қаражат бөлу көзделген: теледидарда-15 минут; радиода-10 минут; мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда екі мақаласын жариялау үшін 0,1 баспа парағынан артық емес.

           Барлық кандидаттарға заңнамада үгіт жұмыстарын жүргізу үшін тең жағдайларға кепілдік беріледі.

 

                                                                               Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясы

Бұқар жырау ауданы Белағаш ауылдық округі әкімдікке кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы Ақпараттық хабарлама
Дата публикации
21 июля 2022