Үштөбе ауылдық округі бойынша Новостройка ауылының атауын өзгерту туралы Хаттама

Үштөбе ауылдық округі бойынша Новостройка ауылының

атауын өзгерту туралы

Хаттама

 

 

Новостройка ауылы                                                                   07 маусым 2022 жыл

Сағат 16.00

 

Төрағалық етуші: Үшөбе ауылдық округінің әкімі С.Н.Шаяхов

Хатшы: Сарбасова Ж.М. – Үштөбе ауылдық округі әкімі аппараты бөлімінің бас маманы

Қатысқандар: Новостройка ауылының тұрғындары – 25

 

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

 

1.Новостройка ауылының атауын Атамекен ауылына өзгерту.

  1. Пікір алмасу.

 

Тыңдалды:

Үштөбе ауылдық округінің әкімі С.Шаяхов:

Құрметті ауыл тұрғындары! Тәуелсіздік алғанымызға 31 жыл асқаның ескерсек, Новостройка ауылымыздың атауы идеологиялық тұрғыдан ескірген, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 Қауылысың негізінде және объектілердің, елді мекендердің, көшелердің аттарын өзгертуге мораторий алынып тасталуына байланысты, Новостройка ауылының атауын өзгерту туралы ауыл тұрғындарының өтініштерін қарастыру бойынша жиналып отырмыз. Тағы қандай ұсыныстарыңыз бар?

Ильдебаев С. Новостройка а. тұрғыны:Ауыл атауы Атамекен болғаны дұрыс, себебі Новосртойка дегенді ауылды көбісі білмейді, көбісі Құрма-Жұмабекті біледі. Мен қарсы емеспін

Фельдман С . Новостройка а. тұрғыны:Мен осы ауылда 30 жылдан астам тұрамын, ауылымыз өсіп жылдан жылға көркейіп келе жатыр. Жаңа Қазақстанды бірге құрып, болашақ ұрпақтармыз жарқын болашақта өмір сүрсің, сондықтан ауыл атауын өзгерткен дұрыс.

Салтахова С. Новостройка а. тұрғыны: Егер ертең ауыл атауын өзгертсек, құжаттамада қиындық туып жүрмей ме?

С.Шаяхов. Үштөбе а/о әкімі: Ауыл атауын өзгерткеннен кейін құжаттарды ауыстыру қажет емес, тек қажеттілік болса ХҚО арқылы Бұқар жырау ауданының сәулет және қала құрылыс бөліміне мекен-жайды өзгерту туралы өтініш білдіресіздер.

Тусупбеков А.-Жергілікті қоғамдастық мүшесі: Шынымен, ауылымыз дамып келе жатыр. Орыстардың мақалы бар: «Как корабль назовешь, так он и поплывет». Сондықтан ауылымызға «Атамекен» ауылы деп аталғанды құптаймын.

Қорытынды:

1.Ауыл тұрғындарының ұсынысы негізінде Новостройка ауылына Атамекен атауы берілсін:

Дауыс беру:

Жиында дауыс бергендердің саны 25 адам.

«Қарсы емес» - 25 адам.

«Қарсы» - жоқ.

(Қол қойылған тізім қосымша)

 

 

Үштөбе ауылдық округінің әкімі                                                          С.Шаяхов

 

Үштөбе ауылдық округі бойынша Новостройка ауылының атауын өзгерту туралы Хаттама
Дата публикации
07 июня 2022