Бұқар жырау ауданы бойынша әкімдікке кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

Бұқар жырау ауданы бойынша

 әкімдікке кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

            2022 жылғы 16 шілдеде Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда "Бұқар жырау ауданы Белағаш ауылдық округі  әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы"   мәселе қаралды.

            Бұқар жырау ауданы Белағаш ауылдық  округі әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы аудандық сайлау комиссиясының төрағасы С. Б. Сембаев баяндама жасады.

            Ол 2022 жылдың 2 шілде мен 15 шілде  аралығында Белағаш  ауылдық  округі   әкімдігіне 4 кандидат ұсынылғанын хабарлады. Оның ішінде саяси партиялардан - 1 кандидат; өзін-өзі ұсыну тәртібімен-3 кандидат. Ұсынылған кандидаттардың ішінде 4 ер адам, әйелдер жоқ.

            Үміткерлердің орташа жасы 42 жасты құрайды. Ең жас үміткер 32 жаста, үміткерлер арасында ең үлкен жас  50 жаста.

            Құқықтану мамандықтары бойынша - 1 адам; қаржы - 1; экономика – 2.

            Ұсынылған кандидаттардың ішінде:  мемлекеттік қызметшілер - 3; уақытша жұмыс істемейді – 1.

            Бір кандидат өз кандидатурасын берген өтінішіне сәйкес отбасы жағдайына байланысты  алып тастады.

            Қазіргі уақытта Белағаш ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу процесі жүріп жатыр, ол 2022 жылғы 20 шілдеге   дейін сағат 18.00-ге дейін жалғасады.

           Сайлау туралы заңнамаға сәйкес аудандық сайлау комиссиясы мемлекеттік органдармен бірлесіп кандидаттар ұсынған құжаттардың дұрыстығын тексеру бойынша жұмысты жалғастыруда.

 

 

                                                                       Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясы

Бұқар жырау ауданы бойынша  әкімдікке кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы
Дата публикации
16 июля 2022