Ауылдық округтер, ауылдар мен кенттер әкімдікке
кандидаттардың назарына
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 28-бабының 3-тармағына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары саяси партиялардан және өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған ауылдық округтердің, ауылдар мен кенттердің әкімдігіне тіркелген кандидаттарға шарттық негізде баспа алаңын ұсынады.
"Бұқар жырау жаршысы" ЖШС аудандық "Buqar jyraý jarshysy" газетінде ішкі жолақтардағы (түстілерден басқа) баспа алаңының 1 шаршы см құны ҚҚС-сыз 150 теңгені құрайтынын хабарлайды.
Газет алаңын беру әкімдікке кандидатқа баспа үгіт материалдарын орналастыру үшін баспа алаңын беру туралы газетпен жасалған жазбаша шарттың негізінде жүзеге асырылады.
Үгіттік баспа материалдары газет редакциясына модульдер немесе мақалалар түрінде дайын басып шығарылған түрде (әрбір параққа кандидаттың немесе оның сенім білдірген адамының қолы қойылып) және электрондық жеткізгіште газет шығатын күнге дейін 3 (үш) жұмыс күні бұрын ұсынылады.
Баспа материалдарын орналастыру кезектілігін газет редакциясы жазбаша өтініштердің түсу ретімен белгілейді. Бірнеше кандидаттар мен саяси партиялардан өтініштер бір мезгілде түскен жағдайда, сол күні газет редакциясы жеребе тастайды. Жеребе тастауға кандидаттың уәкілдері және даудың тәуелсіз тарабы ретінде БАҚ өкілі және баспа материалдарын орналастыру кезектілігіне дау айтатын саяси партиялардың өкілдері қатысады.
Үгіттік баспа материалдары газет редакциясы ұсынған шот негізінде, шот берілген күннен бастап 5 (бес) банктік күн ішінде жарияланады.
Ауылдық округтердің, ауылдар мен кенттердің әкімдігіне кандидаттардың сайлау алдындағы үгітті қамтитын материалдарда қаржыландыру көзі туралы ақпарат көрсетілуі тиіс.
Мазмұны "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Заңның талаптарына сәйкес келмейтін мәтіндер жарияланбайды.