Ақпараттық хабарлама

Ақпараттық хабарлама

       2022 жылғы 7  шілдедегі жағдай бойынша  Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясына "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1, 113-2, 113-3-баптарына сәйкес 2022 жылғы 31 шілдеге  тағайындалған Бұқар жырау ауданы Белағаш ауылдық округінің әкіміне 2 кандидат ұсыну туралы құжаттар ұсынылды.

Аудандық  сайлау  комиссиясы  тиісті  органдарға  сауал салу негізінде  кандидаттың  Конституциялық «Қазақстан Республикасындағы  сайлау  туралы»  Заңда, Қазақстан Республикасы «Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік  басқару   және   өзін-өзі   басқару   туралы»   Заңының 36-бабында және  Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  қызмет  саласындағы  заңнамасында көзделген  талаптарға  сәйкестігін  белгілейтін   болады.                            

2022 жылғы 31 шілдеге тағайындалған Бұқар жырау ауданы Белағаш ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарына сәйкес кандидаттарды ұсыну 2 шілдеден  басталады және 2022 жылғы 15  шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.

                                                                                                           Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясы

Ақпараттық хабарлама
Дата публикации
07 июля 2022