Бұқар жырау ауданы Ақөре ауылы және Көқпекті ауылдық округі әкімдікке кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы

Бұқар жырау ауданы Ақөре ауылы және Көқпекті ауылдық округі әкімдікке кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы

2022 жылдың 31 наурызда Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясының отырысы өтті.

Ақөре ауылы  әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Ж. Х. Айтпаева баяндама жасады.

Ол 2022 жылғы 30 наурыз сағат 18-дегі жағдай бойынша аудандық сайлау комиссиясы Ақоре ауылы әкіміне ұсынылған 3 кандидаттың ішінен 3 адамды тіркегенін хабарлады.

Тіркелген кандидаттар қатарында 3 ер адам (100%).

Мамандықтар бойынша: оқытушы-2 адам; тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және пайдалану-1 адам. Тіркелген кандидаттар арасында: мемлекеттік қызметшілер – 3.

Көкпекті сайлау округі бойынша аудандық сайлау комиссиясы әкімдікке ұсынылған 3 кандидаттың ішінен 3 адамды тіркеді.

Тіркелген кандидаттардың ішінде 3 ер адам, әйелдер жоқ. Оның ішінде мемлекеттік қызметшілер-2 адам, бюджет саласының қызметкері-1 адам.

Мамандықтар бойынша: құқықтану-1, көтергіш-көлік, құрылыс, жол машиналары және жабдықтары-2 адам.

2022 жылғы 30 наурыздағы сағат 18-ден бастап әкімдікке тіркелген барлық кандидаттар ағымдағы жылғы 9 сәуірде сағат 00.00-ге дейін жалғасатын сайлау алдындағы үгітті бастауға құқылы.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының "Бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу үшін кандидаттарға қаражат бөлу қағидалары мен көлемін бекіту туралы" 2018 жылғы 25 тамыздағы № 12/202 қаулысына сәйкес кандидатқа БАҚ - та өз бағдарламаларымен сөз сөйлеу үшін қаражат бөлу көзделген: теледидарда-15 минут; радиода-10 минут; мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда екі мақаласын жариялау үшін 0,1 баспа парағынан артық емес. Барлық кандидаттарға заңнамада үгіт жұмыстарын жүргізу үшін тең жағдайларға кепілдік беріледі.

Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясы

Бұқар жырау ауданы Ақөре ауылы және Көқпекті ауылдық округі әкімдікке кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы
Дата публикации
01 апреля 2022