Қазақстан Республикасының сайлау жүйесін дамыту
«Дүниежүзілік сайлау күні» акциясының шеңберінде Қазақстан Республикасының сайлау жүйесін мен сайлау құқығын танымал етуге бағытталған «Қазақстан Республикасының сайлау жүйесін дамыту» тақырыбы ел сайлау жүйесінің қалыптасу және даму кезеңдері туралы жұртшылықты хабардар етуге, сайлаушылардың электоралдық белсенділігін арттыруға және жас сайлаушылардың демократиялық құндылықтарды ұстануын қалыптастыруға бағытталған.
Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясы Дүниежүзілік сайлау күніне арналған сайлау процесіне қатысушыларды электоралды оқыту іс-шараларын өткізді:
- 7 ақпан күні аудандық сайлау комиссиясында Ашық есік күні өткізілді. Сайлаушылар Қазақстан Республикасы Конституциясының және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының негізгі ережелерімен таныстырылды;
- 8 ақпан жас сайлаушылар күнін өткізу аясында аудандық сайлау комиссиясы Ю. А. Гагарин атындағы ОМ 11 сынып оқушыларымен «Сенің сайлау құқығың» тақырыбында сынып сағатын өткізді.;
- 9 ақпан жастар орталығының кеңсесінде аудандық сайлау комиссиясының мүшелері жастар қозғалысының көшбасшыларымен, «Бұқар жырау жастары» қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен кездесті. Кездесу тақырыбы «Сайлаушы, сайлау құқығы». Кездесуге қатысушылар Қазақстан Республикасы Конституциясының және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның негізгі ережелерімен таныстырылды. Кездесу пікірталас түрінде өтті.
Аудандық «Бұқар жырау жаршысы» газетінде 5 ақпанда «Сайлау және сайлану құқығы» мақаласы және 15 ақпанда «Сайлау процесіне қатысушыларды электоралдық оқыту» мақаласы жарияланды.
Аудандық сайлау комиссиясының интернет-сайтының бетінде «Жастарды таңдайды» деген кіші бөлім құрылды, онда баспасөз хабарламалары, жастарды электораттық-құқықтық ағарту материалдары үнемі жарияланып тұрады. 15 ақпанда «Жас сайлаушы не білуі керек» мақаласы жарияланды.
Сайлау процесіне қатысушыларды электораттық оқытудың күнтізбелік жоспарына сәйкес аудандық сайлау комиссиясы барлық мүдделі тұлғаларды белсенді қатысуға шақырады.
- Ақпан, Ашық есік күні;
- Наурыз, АСК мүшелерін, ЖАО қызметкерлерін ЖТМДБ және «Сайлау» ААЖ базасын бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, сайлаушылар тізімін қалыптастыру бойынша оқыту;
- Сәуір, «Ауылдар, кенттер және ауылдық округтер әкімдерін сайлау» мәселелері бойынша Саяси партиялар, ҮЕҰ, БАҚ өкілдерімен кездесу»;
- Шілде, «Сайлау заңнамасын бұзғаны үшін заңды жауапкершілік» тақырыбында саяси партиялар мен байқаушыларды жіберетін қоғамдық ұйымдар өкілдерімен кездесу»;
- Тамыз, мүмкіндігі шектеулі тұлғалармен (МШТ) жұмыс істейтін қоғамдық және мемлекеттік органдардың өкілдерімен «Әртүрлі санаттағы МШТ үшін сайлау учаскелерінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бақылауды ұйымдастыру» тақырыбында дөңгелек үстелдер өткізу»;
- Жыл бойы АСК және ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлауға қатысатын учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін қашықтықтан оқыту және тестілеу;
Аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы, С. Сембаев