Пресс-релиз Жас сайлаушылар күні

Пресс-релиз

Жас сайлаушылар күні

Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясы Жас сайлаушылар күнін өткізу аясында Ботақара кентінде Ю. А. Гагарин атындағы орта мектептің 11 сынып оқушыларымен сынып сағатын өткізді.

Оқушылардың назарына аудандық сайлау комиссиясының төрағасы С.Б. Сембаев "Сенің сайлау құқығың" баяндамасын ұсынды, онда сайлау құқығының принциптері, сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастыру баяндалған.

Талқылау барысында оқушылар сайлау өткізу, мерзімділік, мүмкіндігі шектеулі жандардың сайлауға қатысу мәселелеріне қызығушылық танытты. Аудандық сайлау комиссиясының мүшелері барлық сұрақтар бойынша кеңес берді.

Пресс-релиз Жас сайлаушылар күні
Дата публикации
08 февраля 2022