Дүниежүзілік сайлау күні туралы

Дүниежүзілік  сайлау күні туралы

Қарағанды облыстық сайлау комиссиясының бастамасы бойынша 3 ақпанда облыста "Дүниежүзілік сайлау күні" акциясы басталады, ол қоғамды елдің сайлау жүйесінің қалыптасу және даму кезеңдері туралы, сайлаудың демократиялық қағидаттарды нығайтудағы рөлі туралы, жас сайлаушылардың өз құқықтарын білуі және түсінуі және мемлекетті басқаруға тікелей немесе өзінің сайланған өкілдері арқылы қатысу мүмкіндігі туралы хабардар етуге бағытталған.

Ақпан айының бірінші бейсенбісінде Дүниежүзілік сайлау күнін атап өту дәстүрі Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын Еуропа елдерінің сайлауын ұйымдастырушылар қауымдастығымен (АОВСЕ) басталған.

Ақпан айында ауданда аудандық сайлау комиссиясында Ашық есік күнін өткізу, жоғары сынып оқушыларымен "Таңдау және сайлану Конституциялық құқығы" тақырыбында кездесулер өткізу, сайлау құқығының негіздері туралы жас мамандардың сұхбатын аудандық сайлау комиссының интернет-парақшасына орналастыру жоспарлануда, БАҚ-та сөз сөйлеу.

Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясы

        

Дүниежүзілік сайлау күні туралы
Дата публикации
02 февраля 2022