Бұқар Жырау ауданы Ботақара кенті әкімдікке кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы

Бұқар Жырау ауданы Ботақара кенті

әкімдікке кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы

 

 

         2021 жылдың 11 қарашасында Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясының отырысы өтті.

         Ботақара кенті әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Ж. Х. Айтпаева баяндама жасады.

         Ол 2021 жылғы 10 қарашадағы сағат 18-дегі жағдай бойынша аудандық сайлау комиссиясы Ботақара кенті әкіміне ұсынылған 5 кандидаттың ішінен 4 адамды тіркегенін хабарлады. 1 кандидатқа мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты тіркеуден бас тартылды.

          Тіркелген кандидаттар қатарында 4 ер адам (100%).

         Құқықтану мамандықтары бойынша - 2 адам; қазақ тілі мен әдебиеті - 1; қаржы - 1.

            Ұсынылған кандидаттардың ішінде:  мемлекеттік қызметшілер - 3 адам; мемлекеттік ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлері - 1 адам.

         2021 жылғы 10 қарашадағы сағат 18-ден бастап әкімдікке тіркелген барлық кандидаттар ағымдағы жылғы 20 қараша сағат 00.00-ге дейін жалғасатын сайлау алдындағы үгітті бастауға құқылы.

         Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының "Бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу үшін кандидаттарға қаражат бөлу қағидалары мен көлемін бекіту туралы" 2018 жылғы 25 тамыздағы № 12/202 қаулысына сәйкес кандидатқа БАҚ - та өз бағдарламаларымен сөз сөйлеу үшін қаражат бөлу көзделген: теледидарда-15 минут; радиода-10 минут; мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда екі мақаласын жариялау үшін 0,1 баспа парағынан артық емес. Барлық кандидаттарға заңнамада үгіт жұмыстарын жүргізу үшін тең жағдайларға кепілдік беріледі.

 

 

                                      Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясы

Бұқар Жырау ауданы Ботақара кенті әкімдікке кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы
Дата публикации
11 ноября 2021