Қарағанды облысында «Қарағанды су қоймалары» КМК-ның өтінімі бойынша жария тыңдаулар өтеді

       Қарағанды облысында «Қарағанды су қоймалары» КМК-ның өтінімі бойынша жария тыңдаулар өтеді

        Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті (Қарағанды қаласы, Костенко көшесі, 6 үй, тел. 8 7212 42-67-00, 41-18-27, ресми сайт http://www.gov.kz/memleket/entities/krem) «Қарағанды су қоймалары» КМК-ның гидротехникалық сүйеу құрылыстарының көмегімен жер үстіндегі ағынды суды реттеу қызметіне тариф және тарифтік сметаларының жобасын қарауға байланысты  жария тыңдау өткізілетіндігін хабарлайды.

            Жария тыңдау 2021 жылы 21 шілдеде сағат 16:00-де Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылы, Шортанбай көшесі, 26 үй, «Nur Otan» партиясының ғимараты мекенжайы бойынша өтеді.

         Өтінім Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министірінің 2019 жылғы 19 қарашадағы №90-НҚ бұйрығымен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру ережесiне сәйкес ұсынылған.

        Жария тыңдау сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасы арқылы онлайн режимінде (https://www.facebook.com/dкrem.krg), сондай-ақ Zoom https://zoom.us/j/2415502078?pwd=QWpVNDVzeHNDNlZhNGRLZ1BBd3NYdz09 платформасы арқылы өтеді (сәйкестендіру коды: 2415502078   қатынау коды: 123456).

       Жария тыңдауға қатысуға мәслихат депутаттары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, мемлекеттік органдар, тұтынушылар, қоғамдық бірлестіктер, тәуелсіз сарапшылар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының, табиғи монополиялар субъектілерінің өкілдері және өзге де мүдделі тұлғалар шақырылады.

        Жария тыңдауға қатаң санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтаған, азаматтар қатыса алады. Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 шілдедегі №23-қ  «Қарағанды облысында шектеу шараларын күшейту туралы» қаулысы негізінде  жария тыңдауға қатысушыларға қойылатын талаптар:

1) 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен COVID-19-ға ПТР әдісімен тестілеудің теріс нәтижесінің болуы;

2) кеңес (отырыс)  өткізілетін үй-жайда болған барлық кезең ішінде респираторлық үлгідегі медициналық масканы пайдалану;  

3) әлеуметтік қашықтықты сақтау;

4) қол алысуды немесе тікелей байланыстың басқа да нысандарын болдырмау.

Департаменттың байланыс телефоны: 8 (7212) 42-67-00, 41-18-27, 41-34-24:

«Қарағанды су қоймалары» КМК-ның байланыс телефоны: +7 (778) 275-79-20.

Қарағанды облысында «Қарағанды су қоймалары» КМК-ның өтінімі бойынша жария тыңдаулар өтеді
Дата публикации
19 июля 2021