Ақпараттық хабарлама

2021 жылғы 15 шілдеде аудандық сайлау комиссиясының және аудандық учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері облыстық сот пен облыс прокуратурасының бастамасымен ұйымдастырылған азаматтардың сайлау құқықтарын сақтау мәселелері бойынша бейне-конференц-байланысқа қатысты.

          Бейне-конференц-байланыс аяқталғаннан кейін Бұқар Жырау ауданы әкімдігінің базасында аудан әкімінің орынбасары А. Ш. Дардаковтың, аудан әкімі аппараты басшысының м. а. М. Б. Қабылғаниеваның қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.

            Семинарға АСК мүшелері, 14 учаскелік сайлау комиссиясының төрағалары мен хатшылары қатысты. Учаскелік сайлау комиссияларының қызметін сайлаушылар тізімдерін салыстыру, мүмкіндігі шектеулі адамдармен жұмыс істеу, дауыс беру орны мен уақыты туралы хабарлау (шақыруларды жеткізу), дауыс беруге арналған үй-жайлардың дайындығы мәселелері қаралды.

            Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне тиісті түсініктемелер берілді.

 

Бұқар  жырау аудандық сайлау  комиссиясы

Ақпараттық хабарлама
Дата публикации
15 июля 2021