Ақпараттық хабарлама

 Ақпараттық хабарлама

2021 жылғы 5 шілдеде ZOOM режимінде учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған семинар-кеңес өткізілді. Бастамашы аудандық сайлау комиссиясы болып табылады.

            Семинарда 2021 жылғы 24 мамырдағы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар толық түсіндірілді.

            Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдардан сайлаушылар тізімін алған күннен бастап учаскелік сайлау комиссияларының іс-қимыл алгоритмі қаралды. Комиссия мүшелеріне қиындық тудыратын жағдайларға талдау жасалды. Барлық учаскелік сайлау комиссияларына практикалық көмек көрсету үшін ақпараттық сипаттағы аудио-бейне роликтер ұсынылды. Сайлау құжаттарының үлгілері электрондық форматта жіберілді .

Бұқар  жырау аудандық сайлау  комиссиясы

Ақпараттық хабарлама
Дата публикации
05 июля 2021