БАҚ-тағы төлем мөлшері туралы мәліметтер

БАҚ-тағы төлем мөлшері туралы мәліметтер 

Ауылдық округтердің, ауылдар мен кенттердің әкімдігіне кандидаттардың назарына

ҚР Конституциялық «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңның 28-бабының 3-тармағына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген кандидаттарға және партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларға шарттық негізде баспасөз бетінен орын береді. «Бұқар жырау жаршысы» ЖШС аудандық «Buqar jyraý jarshysy» газетінде ішкі жолақтардағы (түстілерден басқа) баспа алаңының 1 шаршы см құны ҚҚС-сыз 100 теңгені құрайтынын хабарлайды. Газет алаңын беру әкімдікке кандидатқа баспа үгіт материалдарын орналастыру үшін баспа алаңын беру туралы газетпен жасалған жазбаша шарттың негізінде жүзеге асырылады. Үгіттік баспа материалдары газет редакциясына модульдер немесе мақалалар түрінде дайын басып шығарылған түрде (әрбір параққа кандидаттың немесе оның сенім білдірген адамының қолы қойылып) және электрондық жеткізгіште газет шығатын күнге дейін 3 (үш) жұмыс күні бұрын ұсынылады. Баспа материалдарын орналастыру кезектілігін газет редакциясы жазбаша өтініштердің түсу ретімен белгілейді. Бір мезгілде бірнеше кандидаттар мен саяси партиялардан өтініштер түскен жағдайда, сол күні газет редакциясы жеребе тастайды. Жеребе тастауға кандидаттың уәкілдері және даудың тәуелсіз тарабы ретінде БАҚ өкілі және баспа материалдарын орналастыру кезектілігіне дау айтатын саяси партиялардың өкілдері қатысады. Үгіттік баспа материалдары олардың келіп түсу ретімен 100 пайыз алдын ала төлем жасалғаннан кейін және газет редакциясы ұсынған шот негізінде шот берілген күннен бастап 5 (бес) банктік күн ішінде жарияланады. Ауылдық округтердің, ауылдар мен кенттердің әкімдігіне кандидаттардың сайлау алдындағы үгітті қамтитын материалдарда қаржыландыру көзі туралы ақпарат көрсетілуі тиіс. Мазмұны «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Заңның талаптарына сәйкес келмейтін мәтіндер жарияланбайды.

БАҚ-тағы төлем мөлшері туралы мәліметтер
Дата публикации
02 июля 2021