2026 жылғы 13 қазанда сағат 18.00-де Бұқар жырау аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдастырып, өткізу бойынша Бұқар жырау ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті.

 

Ақпараттық хабарлама

2026 жылғы 13 қазанда сағат 18.00-де Бұқар жырау аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдастырып, өткізу бойынша Бұқар жырау ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті.

Отырыста Мемлекет басшысының 2026 жылдың 12 қазандағы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысында барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауын ағымдағы жылдың 29 қарашасына белгіленуі, осыған байланысты сайлау науқанын ұйымдастыруға қатысты біршама мәселелер қарастырылды.

Бұқар жырау аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгі күнтізбелік жоспары, округтік сайлау комиссияларының жұмыс режимі сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліссіз белгілеу туралы шешімдер қабылданды.

Жалпы 14 қазаннан бастап, бекітілген күнтізбелік жоспарға сәйкес бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша депутаттыққа кандидаттарды, сондай-ақ Қарағанды облыстық мәслихатына партиялық тізімдерді ұсыну басталады.

Кандидаттарды ұсыну 27 қазан сағат 18:00-ге дейін жалғасады, кандидаттарды тіркеу ағымдағы жылдың 1 қарашасы сағат 18:00-де аяқталады.

Сайлау алдындағы үгіт кезеңі 1 қараша сағат 18:00-ден кейін басталып, 28 қараша сағат 00:00-де аяқталады.

Бұқар жырау ауданында сайлауды дайындау және өткізу аясында құрамында 348 мүшесі бар 62 сайлау комиссиясы жұмыс істейтін болады.

Бұқар жырау аудандық мәслихатында барлығы 13 депутаттық мандат көзделген, Бұқар жырау ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 13 бірмандаттық сайлау округін құрды.

 

2026 жылғы 13 қазанда сағат 18.00-де Бұқар жырау аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдастырып, өткізу бойынша Бұқар жырау ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті.
Дата публикации
14 октября 2026