Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту

Халықты жұмыспен қамту – аса өзекті мәселе

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы қаралды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов баяндамасында атап өткендей, коронавирус пандемиясына қатысты жарияланған шектеу шараларына қарай еңбек нарығындағы жағдай ағымдағы жылдың екінші тоқсанында күрделі болды. Наурыз-сәуір айларында жұмыссыз, табыссыз қалған азаматтар саны 4 млн-нан асты. Алайда 20 сәуірден бастап шектеулерді жеңілдетуге байланысты кәсіпкерлік нысандар кезең-кезеңімен жұмысқа кірісе бастады да, бұл көрсеткіш мамыр айында 1 млн адамға төмендеді. «Үкімет тарапынан экономиканы жаңғырту, оның ішінде жұмыспен қамтуға баса назар аудару шілде айынан бастап еңбек нарығындағы жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік береді деп санаймыз» деді осыған орай Б.Нұрымбетов.

Министрдің айтуынша, жыл аяғында жұмыссыздық деңгейі 6,1% болуы ықтимал. Себебі ағымдағы жылы 1 млн 220 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Бұл жоспар бірнеше мемлекеттік бағдарлама аясында жүзеге аспақ. Соның ішінде жаңа «Жұмыспен қамтудың жол қартасы» аясында 255 мың жұмыс орны құрылмақ. Бүгінде Жол картасына кірген 6,5 мың жобаның 5,3 мыңы басталып, 103 мың жұмыс орны ашылды. Оның 35%-ы жастар. Жұмыстар маусым айынан бастап қарқын алады.

Жобаларға қатысатын 255 мың адам 210 млрд теңге жалақы мен әлеуметтік төлем­дер алады. Бұл өз кезегінде 1 млн-ға жуық адамның табысына әсер етеді. Мұның сыр­тын­да Жол картасы аясында отандық кәсіп­орын­дарға 700 млрд теңге көлемінде қолдау көр­сетіледі, 23 мыңнан астам орта және ша­ғын бизнес субъектілері тапсырыс алып, ке­мінде мыңдаған жұмыс орнын сақтап қалады.

Сонымен қатар болашақта халықтың игілігіне тиетін, әлеуметтік актив болып қалатын 615 жаңа нысан салынып, халықтың өмір сүру сапасына қатысты көптеген әлеуметтік мәселелер оң шешіле бастайды. Нәтижесінде «Жол картасының» жобалары алдағы уақытта межелес салаларда 100 мыңнан астам тұрақты жаңа жұмыс орнын құруға негіз қалайды.

Мұның сыртында «Нұрлы жер», «Бизнестің жол картасы», «Агроөнеркәсіп кешенін дамыту», «Цифрлы Қазақстан» секілді басқа да мемлекеттік бағдарламалар аясында бүгінде қосымша 93,4 мың жаңа жұмыс орны құрылды. Оның басым бөлігі құрылыс, сауда және ауыл шаруашылығы салаларына тиесілі. Жыл аяғына дейін аталған бағдарламалар бойынша барлығы 364 мың жұмыс орны құрылады.

Еңбек министрі «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға ерекше екпін түсірді. Бұл бағдарламаны іске асыруға 2020 жылы 176 млрд теңге қарастырылғанын айтты.

«Жыл басынан бері 225 мың адам бағ­дар­ламаға қатысты жергілікті жұмыспен қамту орталықтары арқылы 184 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 99 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты» деді Б.Нұрымбетов.

Ал 6 мыңнан астам адамға бизнесін дамы­туға шағын несиелер мен гранттар берілді. Электронды еңбек биржасы арқылы
97 мың адам жұмысқа орналасты, оның ішін­де 46 мыңы тұрақты жұмысқа орналас­ты. Ағымдағы жылы бағдарламаның бар­лық құралдары арқылы 600 мың адамды жұ­мыс­пен қамту шараларына тарту жоспарлануда. 13 мыңнан астам жобаға жеңілдетілген шағын несие беру көзделген.

Жұмыссыз азаматтарға, бірінші кезекте жастарға еңбек нарығында өз орнын та­бу­ға қолдау ретінде бағдарламада кәсіптік оқытудың бірқатар түрлері қарастырылған. Жыл аяғына дейін жаңа кәсіптерді, дағды­лар­ды игеремін деген 100 мыңнан астам жұмыс­сыз азаматтарға осындай мүмкіндік беріледі.

Жұмыссыздыққа қатысты әлеуметтік қорғау шараларының бірі – мемлекет тарапынан субсидияланатын жұмыс орындары. Әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы, қоғамдық жұмыстар бір жылға дейін жұмыспен қамтуға, жас түлектерге алғашқы кәсіби тәжірибе алуға мүмкіндік береді.

«Өңірлер бойынша бағдарламаны орындау қарқыны жаман емес. Жоспарланған 211 мың жұмыс орнынан 40%-ы құрылып, 84 мың адам еңбекпен қамтылды» деді министр.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы