🏫 1 қыркүйекте Бұқар жырау ауданының Үштөбе ауылдық округінде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған жаңа мектептің ашылу рәсімі өтті.
✨ Жаңа мектеп — балалардың білім алуы мен дамуына арналған заманауи әрі жайлы орта, сондай-ақ өскелең ұрпақтың болашағына жасалған маңызды қадам.
📚 Жалпы, 1 қыркүйекте Қарағанды облысында төрт жаңа мектеп пайдалануға берілді.
🔔 Үштөбе ауылдық округінің оқушыларына жаңа оқу жылында сәттілік, мол білім және жарқын жетістіктер тілейміз!
Құрметті Үштөбе ауылының тұрғындары мен қонақтары!
Жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында Сокур өзенінің бойына «Шомылуға тыйым салынады» деген ескерту белгілері орнатылды.
Өзеннің белгіленген учаскелерінде шомылуға тыйым салынады. Қауіпсіздік талаптарын сақтамау қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін.
Баршаңызды белгіленген шектеулерді сақтауға, ескерту белгілері қойылған жерлерде суға түспеуге және балаларға тыйым салынған орындарда шомылудың қауіпті екенін түсіндіруге шақырамыз.
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз! Судағы қауіпсіздік – әркімнің жауапкершілігі.
#ШомылуғаТыйымСалынады #СудағыҚауіпсіздік #Соқыр #ҚауіпсізЖаз
2026 жылғы 4 ақпанда Дүниежүзілік сайлау күнін мерекелеу аясында Ғ.Мұстафин кентінде Бұқар жырау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасының орынбасары Д.М.Құтжановтың, аудан әкімінің кеңесшісі Ш.Р.Құрбановтың, ауыл әкімі Ғ.Мұстафин Б.Қ.Ускембекованың қатысуымен қатысуымен «Сайлау принциптері – сайлаушылар сенімінің негізі» тақырыбында құқықтық, институционалдық және азаматтық қағидалардың қалыптасқан жүйесінің нәтижесі ретінде таңдауды түсінуді көрсететін семинар-кеңес өтті.
Бұл жиында сайлау құрылымының негізін құрайтын Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының стратегиялық қағидаттары түсіндірілді. Сондай-ақ Ғ.Мұстафин кенті және Тұзды ауылы сайлау комиссияларының мүшелеріне мүгедектердің сайлау құқықтарын қамтамасыз етудің қолданыстағы ережелері түсіндірілді, соның ішінде мүгедектердің дауыс беруінде жаңа технологиялық шешімдерді пайдалану, сонымен қатар сайлау саласындағы қолданыстағы заңнамалар түсіндіріліп, қоғам өміріне инклюзивтілікті енгізу мәселелері талқыланып, мүмкіндігі шектеулі жандардың сайлау құқықтары түсіндіріліп, талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Бұқар жырау ауданы әкімінің кеңесшісімен бірлесіп, азаматтармен жеке кездесу өткізіп, сайлауға қатысты өзекті мәселелерді талқылады.




27 қаңтарда Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясымен Дүниежүзілік сайлау күнін атап өту және қолданыстағы сайлау заңнамасын түсіндіру мақсатында Ботақара кентінің мәдениет үйінде бюджеттік ұйымдардың қызметкерлерімен кездесу өткізілді.

Бұқар жырау ауданындағы Үштөбе ауылдық округінде «Saumal BioTech» ЖШС-нің жаңа өндіріс кешені салтанатты түрде ашылды. Бұл – өңіріміздің әлеуметтік және экономикалық дамуына серпін беретін, ұлттық құндылықтарды заманауи технологиямен ұштастырған бірегей жоба.
Кәсіпорынның басты мақсаты – балаларға арналған жоғары қауіпсіздік талаптарына сай, сапалы және пайдалы тағам өндірісін жолға қою. Осыған байланысты барлық өндірістік үдерістер халықаралық стандарттарға сәйкес стерильді жағдайда жүргізіліп, өнімнің әрбір бөлігі мұқият тексеруден өтеді. Өйткені балалар тағамы – ең жоғары жауапкершілікті талап ететін сала. Ғалымдар дәлелдегендей, бие сүті ана сүтімен 90 пайызға дейін ұқсас, сондықтан оның негізінде әзірленген өнімдер ерекше қоректік және биологиялық құндылыққа ие.
Сонымен қатар жоба ұлттық құндылығымызды сақтауға, саумал мен жылқы өнімдерінің қасиетін әлемге танытуға бағытталған. Бұл Қазақстанның дәстүрлі тағам мәдениетін жаңа деңгейге шығаратын маңызды қадам болары сөзсіз.
Жобаның әлеуметтік маңызы да зор. Кәсіпорында қазірдің өзінде 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылған, олардың арасында Үштөбе ауылының тұрғындары да бар. Болашақта өндіріс кеңейген сайын жаңа жұмыс орындары ашылатын болады. Сондай-ақ жергілікті халық бие сүтін тапсырып, қосымша табыс таба алады. Бұл өз кезегінде ауыл халқының әл-ауқатын арттыруға, жеке шаруа қожалықтарының дамуына мүмкіндік береді.
Заманауи еуропалық жабдықтармен қамтылған кешен тәулігіне бес тоннаға дейін бие сүтін өңдейді. Өнімнің жеткізу географиясы да өте кең: АҚШ, Еуропалық Одақ елдері, Ұлыбритания, БАӘ, Сауд Арабиясы, Қытай және Ресей нарықтарына шығару көзделген.
Бұл өндіріс – ұлттық тағамымыздың қасиетін сақтап, балаларымыздың денсаулығы.
Халық үшін маңызды ақпарат!
Мемлекеттік кірістер органдарының сервистік тобы туралы үлгілік ережені бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м. а. 2025 жылғы 29 қазандағы № 645 бұйрығына сәйкес Қарағанды облысы бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органдарында салық органдарымен мемлекеттік қызметтер көрсету және салық міндеттемелерін орындау бойынша салық төлеушілерге ақпараттық-түсіндіру қолдауы бойынша көшпелі сервистік топтар ұйымдастырылды, оның ішінде жеке тұлғалардың декларацияларын жасау және ұсыну бойынша.
Сервистік топ салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін ғана мемлекеттік қызметтер көрсетеді:
1) бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;
2) еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі 2 (екі) айдан астам белгіленуі мүмкін аурулары бар адамдар;
3) сырттан күтім мен көмекке мұқтаж сексен жастан асқан қарт адамдар;
4) аумағында жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері жоқ шалғай елді мекендерде тұратын жеке тұлғалар.
Бұқар жырау ауданы бойынша МКБ сервистік тобының құрамы бас мамандар Сковородко Ирина Петровна және Бағынтаев Мирас Арманұлы. Шығу күндері: сейсенбі, бейсенбі.
Сервистік топтың келуіне өтінім беру жоғарыда көрсетілген санаттағы салық төлеушілерден Департаменттің байланыс орталығы арқылы телефон нөмірлері бойынша жүзеге асырылады: (7172) 73 55 15, 8 705 956 53 88
ҮШТӨБЕДЕ ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ОШАҒЫ АШЫЛДЫ
Бұл оқиғаның ерекшелігі – оның дәл Конституция күніне орай өтуі, ауыл тұрғындарының қуанышы мен мақтанышын еселей түсті. Енді ауыл халқы жаңа, жарық мәдениет ошағында жиналып, өнерді, шығармашылықты дамытып, рухани өмірін байыта алады.
Жаңа мәдениет үйі – халық бірлігінің және жарқын болашаққа деген сенімнің символы.
Бұл мәдени орталық тұрғындардың басын қосатын, шығармашылық дамуына жол ашатын әрі халқымыздың рухани құндылықтарын сақтайтын орын болмақ.
«ЦОН» мобильді қосымшасының жаңа сервисін
3 аптада 4 500-ге жуық адам пайдаланды
2025 жылғы 28 сәуірден бастап «ЦОН» мобильді қосымшасында зейнетақы мен жәрдемақы түрлерін есептейтін пайдалы сервис іске қосылды. Бұл азаматтарға үйден шықпай-ақ алдын ала әлеуметтік төлемдердің мөлшерін шамалауға мүмкіндік беретін ыңғайлы құрал.
Қызмет іске қосылған сәттен бастап 4 470 адам есептеулер жүргізіп үлгерді. Бүгінгі таңда калькулятор арқылы 8 әлеуметтік төлем/жәрдемақы мен зейнетақы түрлері бойынша 5 негізгі санатты есептеуге болады:
Айта кету керек, есептеу пайдаланушы енгізген деректер негізінде жүргізілетіндіктен, төлем нәтижесі шамамен көрсетіледі және ақпараттық сипатта беріледі. Әлеуметтік төлемдердің нақты мөлшері уәкілетті мемлекеттік органға өтініш беруші ұсынған мәліметтер негізінде есептеліп, ресми түрде тағайындалады.
Қызметті пайдалану үшін «ЦОН» мобильді қосымшасын (Google Play және App Store-да қолжетімді) жүктегеннен кейін мемлекеттік биометриялық сәйкестендіру сервисі арқылы авторизациядан өту қажет. Одан кейін тиісті бөлімді таңдап, қажетті деректерді енгізу керек.
Айта кетейік, «ЦОН» мобильді қосымшасы – электрондық қызметтерге жылдам қол жеткізуге мүмкіндік беретін жан-жақты цифрлық арна ретінде қарқынды дамып келеді.
Сұранысқа ие қызметтердің бірі - ХҚКО-ға кезекке тұру мақсатында алдын ала брондау функциясы. Апта сайын қосымша арқылы шамамен 60 000 электрондық талон беріледі, бұл кезекте күту уақытын едәуір қысқартып, қызмет көрсету жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ жүргізуші куәлігін алу үшін қажетті емтиханға жазылу қызметі кеңінен қолданылуда. Апта сайын теориялық емтиханға 8 000-нан астам, ал тәжірибелік емтиханға шамамен 7 000 адам жазылады. Сонымен қатар, сынамалық жүргізу тәжірибесіне тіркелу қызметін апта сайын орта есеппен 1 600 адам пайдаланады.
Қазіргі уақытта «ЦОН» мобильді қосымшасын 670 000-ға жуық пайдаланушы жүктеп, белсенді түрде қолдануда.
Халықаралық отбасы күні:
Қазақстандағы неке мен бала туу көрсеткіші
Халықаралық отбасы күніне орай «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы 2025 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы тіркелген некелер мен дүниеге келген сәбилер саны бойынша еліміздің үздік 5 өңірінің көрсеткішін ұсынады.
Жылдың алғашқы төрт айында Қазақстанда 144 234 сәби дүниеге келіп,
36 818 жұп некеге тұрған.
Туу туралы тіркеулер көрсеткішінің алғашқы бестігі:
Тіркелген некелер саны бойынша алғашқы бестік:
Ресми мәліметтерге сәйкес, жыл басынан бері азаматтық хал актілерінің тіркелуі бойынша сәуір айы көш бастап тұр. Тіркеу бөлімдері бұл айда 37 812 туу туралы және 10 190 неке туралы куәлік берген.
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы барша қазақстандықтарды Халықаралық отбасы күнімен құттықтай отырып, әр шаңыраққа береке, бақыт пен жылулық тілейді.
MХҚКО-ларда жеке тұлғаны сәйкестендіру процесі автоматтандырылды
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында автокөлік иелері мен емтихан тапсырушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін биометриялық сәйкестендіру технологиясы енгізілді.
Бұған дейін мамандандырылған ХҚКО-ларда азаматтарды сәйкестендіруді қызмет алушы ұсынған құжат негізінде қызметкер жүзеге асыратын. Енді рәсімдеу барысында азаматтың түрі суретке түсіріледі, одан кейін оны жүйе автоматты түрде жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасында сақталған суретпен салыстырады. Бұл қызмет көрсету барысында жалған суретті немесе телефон экранындағы фотосуретті қолдануға тосқауыл қояды.
«Біз мемлекеттік қызмет алу жүйесіндегі ашықтықты тек ішінара ететін және заңсыз әрекеттерге жол беретін адами факторды жойдық. Биометриялық сәйкестендіру – заң бұзушылықтар санын азайтып, мамандандырылған ХҚКО-ларда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға тікелей жол ашады. Бұл замануи технология мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін толығымен заңды әрі ашық етуге жасалған тағы бір қадам», – деді Мемлекеттік корпорацияның Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.
Айта кетейік, егер азамат биометриялық сәйкестендіруден өте алмаса, жүйе қызмет көрсету мүмкіндігін бұғаттайды.
Еске сала кетейік, бүгінде мемлекеттік қызметтерді ХҚКО-лардан бөлек электрондық үкімет порталы, сонымен қатар «ХҚКО» мобильді қосымшасы мен екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы да алуға болады.