Үміткер ауылдық округі мал және егін шаруашылығымен шұғылданады. 42 шаруа қожалығы жұмыс істейді. 2024 жылғы 1 қаңтар жағдайына алғанда жеке қосалқы шаруашылықта 1572 бас ірі қара мал, оның ішінде сиыр – 938 бас, 1597 бас ұсақ мүйізді мал, 1522 бас жылқы тіркелген. Шаруа қожалықтарында 1314 бас ірі қара мал, оның ішінде сиыр – 902 бас, 907 бас ұсақ мүйізді мал, 1211 бас жылқы тіркелген. 2024 жылы «Камила» ШҚ 800 га бидай, 300 га арпа, «Үміткер» ШҚ 200 га бидай, «AQRAM AGRO» АӨК 600 га бидай, «АЗиЯ+» ШҚ 100 га бидай, «Бектас» ШҚ 50 га житняк, 50 га судан шөбін егуді жоспарлап отыр.